Бүкіл Қазақстан бойынша 22 мамырдан 30 мамырға дейін Халықаралық балаларды қорғау күніне орай іс-шараларды өткізу шеңбері өтеді.
Ы. Алтынсарин атындағы кітапханасында «Әкем — тірегім, анам – жүрегім» отбасы мен отбасылық құндылықтарға арналған іс-шара өтті.Балалар Ы. Алтынсарин, В. Осееваның шығармаларымен танысып, викторина мен сайыстарға қатысты, сондай-ақ отбасы, достық туралы өлеңдер, мақал-мәтелдер айтылды . Іс-шараның соңында балалар отбасы әрқайсымыз үшін өмірдегі ең маңызды нәрсе деген қорытындыға келді.
#Қазақстанбалалары