Жазғы сауықтыру лагеріне қатысатын балалар үшін «Қызықты жануарлар» атты танымдық-ойын бағдарламасы өтті.
Іс-шара барысында балалар жануарлар әлемінің таңғажайып, алуан түрлі, ерекше жануарлар әлемімен танысты. Қызыл кітапқа енген, жойылып бара жатқан жануарлар туралы тың мәліметтер білді. Сонымен қатар сұрақтарға қызығушылықпен жауап беріп, жануарларды дауысынан танып, жұмбақтар шешіп, әдеби шығармаларда кездесетін жануар кейіпкерлерді еске түсіріп, есімдерін атап шықты. Кездесу соңында қатысушыларға табиғатты және жан-жануарларды қорғаудың маңыздылығы жайлы түсіндірілді.