Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай мектепке дейінгі және 1-6 сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде «Өзіңді мақтан тұтам, Қазақстан» атты квест-ойыны өтті.Қатысушылар: "Тарихи", "Этно", "Азаматтық" және "Мерекелік" атты 4 аялдамалар саяхат жасады. Саяхат барысында бір аялдамадан келесі аялдамаға өту үшін әртүрлі күткен тапсырмаларды орындап,тақырыпқа байланысты артефакт жинады.
«Тарихи» аялдамада балаларды қызықтыру мақсатында археологиялық тұрақтар макеті құрылып,онда олар уақытша археологтар болып,қажетті артефактілерді табу үшін қазба жұмыстарын жүргізді.Қатысушыларға қазба жұмыстарының ұнағаны соншалық,олар толығымен өткен мен осы кезеңінен сиқырын сезініп,ізденді.
«Этно»аялдамасында балалар мәтіндегі сөздердің көмектерімен Қазақстанда тұратын әр түрлі халықтарға тиесілі заттарды іздеді. Дұрыс жауап үшін көтермелеу ретінде мағынасы жағынан тура келетін шатасқан әр халықтардың мақал-мәтелдерін табу тапсырмасы берілді. Тапсырмаларды орындап, олар келесі аялдамаға аттанар артефакті тауып,алдағы аялдамаға өтті.
«Азаматтық» аялдамасында қатысушы топтарға авторы жасырынған және бұзылған құқығы жайлы жасырынған шығармалардан үзінді талдау ұсынылады.
Барлық тапсырмаларды орындап,балалар Қазақстанға көптеген жылы сөздер мен тілектерін тілеп,алған артефактілерімен саяхаттарын жалғастырады.
«Мерекелік» аялдамасында оқушыларды дәстүрлі асық ойыны мен шашу күтті.Барлық ниет білдірген балалар «Қара жорға» биін билеп,квест-ойынды бекіту үшін 25 сұрақтан тұратын «Бәйге»ойыны ойнатылып,Отандары Қазақстан жайлы жақсы білімдерін көрсетті.
Табылған артефактардың көмегімен Тәуелсіз Қазақстанның символы анықталды.Соңғы аялдамадан кейін еліміздің тарихынан сыр шертетін кітап көрмесіндегі Қазақстан картасының макетіне еліміздің болашағына,туған күніне,барлық қазақстандықтарға арнаған тілектерін жазған қағаз жүрекшелерін жапсырды. Іс-шара аяқталғаннан кейін кітапханашылардың қызықты және танымды ойын өткізгендері үшін барлық қатысушылар алғыстарын білдірді.