Мен-Қазақстан азаматымын

Пнд, 04/09/2017 - 16:58 — julia

02.09. 2017 жылы Ы.Алтынсарин атындағы ОБЖК акт залында “Мен-Қазақстан азаматымын” деген атаумен №2 мектебінің 4-6 сынып оқушылары үшін білім күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.Барлығы 274 адам қатысты.

Патриоттық сабақтың негізі -Отан тақырыбында өтті.Оқушылар қазақстан елі туралы аңыз тыңдап,"Лингвист"ойын барысында сөздерді қазақшалап, "Патриот" сөзінің әр әріпіне мәндес сөздер тауып талдады.Өткенді қайталау бөлімінен сүрінбей өтіп,ҚР Конституция қашан қабылданды және «Шаңырақ» сөзінің түсіндірмесін дұрыс тауып,еліміздің рәміздерін атап,2017 жылдың ең маңызды оқиғасы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың қазақстандық жеңімпаздарды атап берді.

Ең алдымен еліміз үшін және әр қазақстандық үшін биылғы жылдың ең маңызды оқиғасының бірі- «Болашақ энергия» деген атаумен өткен ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесінің ашылуы болды.

Көптеген балаларда бұл оқиға өзінше терең із қалдырған.Ол бөліскен әсерлерінен байқалды.Олардың біреулеріне экспонаттар ұнаса, кейбіреулеріне үлкен экрандар,дыбыс, демонстрациялық алаңдар безендірулері және шетелдіктер және жергілікті тұрғындар адамдардың қарым-қатынасы және т.басқаларды еске алып бөлісті.Балалардың айтуынша барлық мазмұнды көрмелерді 1-2 күнде ғана көріп шығу мүмкін емес,кем дегенде 3 күннен артық уақыт керек.

Бір сағаттық уақыт ішінде біздің оқырмандар білгендерін еске түсіндіріп, қайталап-мектепке деген дайындықтарын көрсете білді.


+ A -

Current Zoom: 120%

Электронный каталог

Послание 2024

Борьба с коррупцией

Одна страна – одна книга

Экранный диктор

Вход в систему