Оқы және саяхатта

Пт, 25/10/2019 - 16:20 — Ольга А

24 қазанда ересектерге қызмет көрсету бөлімінде «Оқы және саяхатта» Жасөспірімдер кітабы күні өтті. Оқырмандар Франция бойынша «қыдырды», Луврға, Эйфель мұнарасына, Нотр-Дам-де-Париге, Мулен Ружге, Бойяр қамалына және басқаларға барды. Квестқа қатысушылар «Жоғалған жауһар» - Леонардо да Винчидің «Джоконда» картинасын іздеді. Қатысушыларға «Нотр-Дам» бекеті ұнады, онда шіркеудің негізін құлатып алмай француз жазушыларының кітаптарын алу керек болған. «Наполеон Бонапарт» бекетінде сарайдың шифрін тапты, «Эйфелевой башня» бекетінде Лего құрылымдамадан оның үлгісін жасады. Жазушылармен «балық аулады», француз асханасынан «дәм татты», А. Дюманың «Три мушкетера» кітабының кейіпкері Д'Артаньянды коллаж-тарих жасау арқылы заманауи әлемге көшірді. Бәрінен де кабаре бишілерінің канкан биінің негізгі қимылдарын еске түсіріп, оны сахнада билеп беру талап етілген Мулен Руж кабаре бекеті ұнады. Және де Шарль Перроның ертегісінен үзінді көрсету керек болған француз театры да ұнады. Көңілді әрі у-шу болды. Әсіресе ойыннан кейін француз авторларының кітаптарын сыйлыққа бергенде қатты қуанды.

Фото


+ A -

Current Zoom: 120%

Электронный каталог

Послание 2024

Борьба с коррупцией

Одна страна – одна книга

Экранный диктор

Вход в систему