Балаларға арналған бұл энциклопедиялық анықтамалық Жердің пайда болуынан бастап, даму сатыларын қамтыған. Қазіргі дүние табиғатына сипаттамалар берілген. Адамзат өркениетінің кезеңдерін қамти отырып, дүниежүзі елдерінің аймақтар бойынша қалай топтастырылғаны баяндалады. Кітап ұстаздар мен оқушыларға, барша қауымға арналған.