«Зұлмат атом» еске алу сабағы

Втр, 27/04/2021 - 15:08 — Ольга А

Жыл сайын 2004 жылдан бастап 26 сәуірде БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімі бойынша Халықаралық радиациялық авариялар мен апаттар құрбандарын еске алу күні атап өтіледі.
1986 жылғы 26 сәуір - көптеген адамдарға ауыр сынақтар әкелген қайғылы күн. 35 жылдан бері көптеген елдер Чернобыль АЭС ядролық реакторында болған апаттан туындаған қоршаған ортаның радиоактивті ластануы жағдайында өмір сүріп келеді.
Чернобыль трагедиясы - Жер бетінде болған ең үлкен радиациялық апат. Күн өткен сайын адамзат осы қайғылы оқиғадан алыстай түседі, бірақ  бұл оқиғаны ұмыту мүмкін емес.
«Жанұя» отбасы үлгісіндегі балалар үйінің тәрбиеленушілеріне 27 сәуірде «Зұлмат атом» атты еске алу сабағы өткізілді. Басты мақсаты балаларға апат және оның салдары туралы айту болды.
Әңгіме барысында балаларға алдымен радиация деген не және онымен қалай өмір сүру керектігі айтылды, содан кейін Чернобыль АЭС туралы ақпарат берілді.

#игі_істер_морофоны


+ A -

Current Zoom: 120%

Электронный каталог

Послание 2024

Борьба с коррупцией

Одна страна – одна книга

Экранный диктор

Вход в систему