Кітапханада Наурыз апталығының үшінші күні өткізілді. Бүгін – шежіре және бата күні. Іс-шараға М. Хәкімжанова атындағы №20 мектептің 6 сынып оқушылары мен №18 мектептің 9 сынып оқушылары келді. Іс-шара Нығметжан Мирас пен Тасмаганбетов Ерасылдың орындауында «Адай» күйімен ашылды. Әрі қарай кітапханашы балаларды «Наурыз-көктем» кітап көрмесімен таныстырды, Наурыз мейрамы туралы қызықты деректер айтылды. Содан кейін негізгі тақырып шежіре және бата тақырыбына көштік. Балалар өздерінің жеті аталарын еске түсіріп, шежіре ағашына жазды. Балалар өздерінің білетін баталарын айтып, бір-біріне жақсы тілектерін тіледі. Соңында арқан тартыс, орамал тастау сияқты ұлттық ойындар ойнадық. Барлығы көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты.
Наурыз мейрамы апталығы: «Бабаларды еске алу және бата күні»
Чт, 16/03/2023 - 15:05 — Ольга А