Балалар кітабы апталығы аясында Алтынсарин кітапханасында "Түрлі түсті жолмен"іс-шарасы өтті. № 30 орта мектеп оқушылары жергілікті жазушы және ақын Александра Ильинична Суслованың шығармашылығымен танысты. Автор өз шығармашылығы туралы айтып берді. Ол кездесуді Р. Брэдберидің «Есть преступленияч хуже, чем сжигать книги. Например- не читать книги их»- деген дәйексөзінен бастады. Александра Ильинична өз шығармашылығының жанкүйерлері түсірген презентацияларымен бөлісіп, «Балалар дос бола алады» атты жаңа кітабына шолу жасады.
Балалар автордың өлеңдерін оқып, Александра Ильиничнаға сұрақтар қойды. Іс-шара жазушыға да балаларға да ұнап, барлығы риза болды.
(Балалар кітабының апталығы. Төртіңші күн)