Балалар кітап апталығының бірінші күні оқырмандар Ежелгі Мысырға саяхаттады. «День египетского мальчика» кітабының кейіпкері Сетти бала мен оның мұғалімі Аменхатеп болашақтан келген қонақ қызға өз елі туралы және ежелгі мемлекетінде қандай мектеп болғаны туралы баяндап берді.
Оқырмандар папирус деген не, фараондар кім, египеттіктер қай құдайларға сенген, қызыл мәтін жолымен неге біз жазамыз дегендерге білді. Кейіпкерлермен бірге жоғалған шиыршық қағаздың құпиясын ашқан, Ежелгі Мысыр картасын қалпына келтіріп және мұғалімнің қиянқы сұрақтарына жауап берді.
Әр қатысушы саяхаттан естелік ретінде кішкене папирус және сиқырлы шиыршық қағаз (әдебиеттер тізімі) көмегімен пирамидалар мен фараондар еліне тағы да бірнеше саяхатқа шығуға болады.
https://plus.google.com/u/0/photos/105444590971516272131/albums/62673981...