Жыл сайын сәуір айында өтетін белгілі ертекші Г. Х. Андерсен туған күніне орай Халықаралық балалар кітабы күні атап өтіледі. Мерекеде балалар кітабына қатысы бар барлық адамдарды құттықтау дәстүрге айналған. Бұл күнді кітапханамыз оқырмандарына арнап, баллаардың талантын тағы бір көрсетуді мақсат етті. Ауқымды дайындық жұмысына тілек білдіргендердің барлығы қатысты. Олар балаларды мерекені кітапханамен атап өтуді ұсынды. Оқу залында оқырмандардың шығармашылық жұмыстарының үлкен көрмесі ұйымдастырылды. Балалардың қызығушылықтары алуан түрлі екен: сурет, кесте, оригами, тігу, т.б. Өз таланттарын көрсеткісі келетіндер көп болды, барлығы 80-нен астам жұмыс қойылды. Осы өнерге баулитын кітаптар ұсынылды. Ол кітаптардан басқа "Мектептегі оқиғалар" кітап көрмесі дайындалды. Көрмеде қазіргі кезедгі және өткен жылдардағы оқушылар туралы түрлі шығармалар қамтылған. Сонымен қатар оқу залында шеберлік сағаттары ұйымдастырылды. Горбань Елизавета тамақ пісіруді ұнататындықтан өзінің пісірген тағамдарын әкелді. Лиза қызығушылық білдіргендердің барлығына осындай кулинарлық тағамдарды жасау жолы туралы айтты, әрине, кез келген десерттің дәмін татуға мүмкіндік те болды. Козыбаева Алиса шахматпен 10 жыл айналысып келеді. Жақында ҚР Чемпионатына барып, екінші орын алды. Алиса шахмат туралы, оның жады мен логикалық ойлау қабілетін дамытуға қосар үлесі туралы айтып берді. Ойын ережесін түсіндіріп, кейбіреулерімен ойын ойнады. Осындай кездесуден кейін көбісі бұл ойынға қызығушылық танытады деген үміттеміз. Шахмат туралы екі кітап алынды. Турло Екатерина түрлі жұмыс түрлерін әкелді, бірақ сурет салу бойынша шеберлік сағатын өткізді. Балалар бар ынталарымен сурет салды. Рахметова Малике фотогрфиямен әуестенеді, ол туралы бірнеше кітап оқыған. Ол үшін кітапханашылар фотосессия шымылдығын дайындады, жанына жұмыстарын қойды. Малике фотография жақсы шығу үшін не істеу керектігі туралы айтып берді: жарықтың дұрыс түсуін, дұрыс қойылым, композиция болу керек. Сонымен қатар Малике барлық тілек білдірушілерді суретке түсірді. Фойеде оқырмандарға арналған «Сыйлыққа кітап» акциясы ұйымдастырылды, оған мереке туралы ақпараттар жазылған белгібеттер түріндегі материалдар қойылды. Абонементте «Подростковый хайвей» жасөспірімдерге арналған әдебиеттерге шолу таныстырылымы жасалды, «Кітап әлемі» викторинасы өтті. Викторинаны кітапханашылар ерекше ұйымдастырды, сұрақтар сандықтарға салынып, оқырмандар оларды алып жауап берді. Олар танымал шығармалар үзінділері, қанатты сөздер, жазушылар туралы сұрақтар, сөздерге қатысты тапсырмалар еді. Балалар сандықты бар ықыластарымен ақтарды, бірақ кей сұрақтар жауабын білмеді, есесіне сандықта жасырылған біренше кітапты өздерімен бірге алып кетті. Оқырмандар қатысуымен өткен «Шоқжұлдыз» концерті соңғы іс-шара болды. Домбыра, әндер, өлеңдер, скрипка, билер, диодты жарықтар элементтері шоуы – өз талантын достары мен кітапханашыларға көрсеткісі келген оқырмандар дайындаған нөмірлер еді. Концерт барлық қатысушыларға ұнады, осындай іс-шара жиі өткізілсе екен деген тілек білдірді. Күн барлық қатысушылар үшін жайылған дастарханмен аяқталды.
Халықаралық балалар кітабы күні
Пт, 08/04/2016 - 13:57 — julia