Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Сәбит Досановтың 80 жылдығына орай «Ол қазақтың мұң – мұқтажын жоқтайды» атты кітап көрмесіне шолу кеші өтті.
Кеште Қостанай қаласының №115 орта мектебінің 9 сынып оқушылары мен ұстаздары қатысты. Іс – шара барысында оқушыларға С. Досановқа арнап түсірілген деректі фильмнің үзіндісі көрсетілді.
Торғай даласы ақындық, шешендік өнердің және батырлар өлкесі ретінде атақ-даңқы қазақ елі-жұртына ертеден –ақ мәлім болған.
Міне, солардың бірі – күні бүгінге дейін 30 том көлеміндегі көркем шығармалары жарық көрген жазушы жерлесіміз, көрнекті суреткер Сәбит Айтмұхамбетұлы Досанов.
Балаларды кітап көрмесімен таныстыру кезінде Сәбит Досановтың - қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік тарихи романдары – "Ақбас бүркіт»,"Жиырмасыншы ғасыр" эпопея, «Қыран мен жылан», «Хранители сокровенного», «Аптаның сегізінші күні» т.б. шығармаларына шолу жасап, қаламгердің шығармаларын оқуға шақырдық. Кітап көрмесі 1 ай жұмыс жасайды.