Құрметті достар, сіздерді бүгін Жазушы Гүлзат Шойбекованың «Өмір сүру ережесі» атты әңгімелер мен повестер жинағымен таныстырғым келіп отыр.
Қаламгер 1967 жылы 4 мамырда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Байкенже ауылында туған. 1991 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тамамдаған.
Мектеп қабырғасында жүргенде-ақ мақалалары мен әңгімелері республикалық, аудандық газеттерде жарияланып тұрған.
Жазушының «Өмір сүру ережесі» кітабына психологиялық әңгімелер топтамасы жинақталған.