Отбасы құндылықтары

Чт, 19/05/2022 - 16:17 — Ольга А

15 мамыр Халықаралық отбасы күні. Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалымен қалыптасады. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады.

Осы күнге орай 19 мамырда Ересек балалар мен жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінде «Отбасы құндылықтары» әңгіме сағаты өткізілді. Іс-шараға Қостанай құрылыс колледжінің 1 курс студенттері қатысты. Іс-шара барысында студенттерге отбасылық құндылықтар, отбасында қалыптасқан дәстүрлер туралы айтылды. Сондай-ақ, отбасында кездесетін қиындықтар, гендерлік тепе-теңдік, аралас неке сияқты тақырыптарда ашық әңгімелестік. Сұқбаттасушымыз 15-16 жастағы жасөспірімдер болғанымен, қойылған сұрақтарға еркін, әрі ашық жауап беріп отырды. Іс-шара соңында жастар болашақта іргесі берік отбасын құрамыз деген сенімді ойда тарқасты.

#балалар_жылы


+ A -

Current Zoom: 120%

Электронный каталог

Послание 2024

Борьба с коррупцией

Одна страна – одна книга

Экранный диктор

Вход в систему