Бүгін №14 мектептің жазғы сауықтыру лагеріне қатысушылар үшін «Көп қимылдасаң, өмірің ұзақ болмақ!» атты Денсаулық әліппесі өтті. Балалар адам денсаулығы мен салауатты өмір салты туралы маңызды мәліметтермен танысты. Зиянды әрекеттен аулақ болып, өз денсаулығымызға жауапкершілікпен қарау керек екенін түсінді. Сонымен қатар көрсетілген бейнебаяннан балалар «денсаулық - адам өміріндегі ең қымбат қазын» деген ортақ ойға келді.
Көп қимылдасаң, өмірің ұзақ болмақ!
Втр, 03/06/2025 - 12:36 — Ольга А