12 қараша Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында II облыстық «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байқауы өтті. Бұл байқау 12-13 жастағы балалар арасында прозалық шығармалардан үзіндіні жатқа оқу. Қорытынды кезеңге аудандық және қалалық сайыстан женген талантты оқушылар қатысты. Биылғы жылғы байқау біздің еліміздің тарихында батырлық пен қоса,қайғы әкелген ҰОС Жеңісінің 70 жылдығына арналды. Мына авторлардың шығармалары қазақ және орыс тілдерінде орындалды. Олар: М. Дінішевтің «Біздің қыздар», С. Бақбергеновтың «Қарға тамған қан», М. Шолоховтың «Судьба человека», Е. Ильинаның «Четвертая высота», Б. Васильевтің «А зори здесь тихие» және т.б. Қатысушылардың орындауында сол сұрапыл соғыс жылдарының ауыртпалығы мен қазасын, отан үшін өмірін қиғандардың батырларымыздың ерліктерін еске алынды. Қатысушылар осы тақырыпқа дайындалу сәтінде, солдаттар немесе сол кездегі өздері сияқты балалардың образын сомдау барысында, өздері сол соғысты бастарынан өткізгендей жағдайда сезініп, отанымызға жеңіс қандай ауырпалықпен келгенін түсінгендерін байқатты. Байқауға қатысқандардың барлығына сыйлық берілді. Сонымен қатар төрт номинация: «Үздік бейне», «Ерекше таңдау», «Әртістік шеберлігі», «Мұра» бойынша марапаттар берілді. Номинация жеңімпаздары: Тұрабаева Айнұр (Жітіқара ауданы), Нұрпаисов Мирхат (Рудный қ.), Слатин Никита (Лисаковск қ.), Жұмабаева Мадина (Ұзынкөл ауданы). Үшінші орынды Қарасу ауданынан келген Боранбаева Айша жеңіп алса, екінші орынды Қарабалық ауданынан келген Андриевская Виктория женді. II облыстық «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байқауының жеңімпазы Амангелді ауданынан келген Қаршыға Айым атанды. Байқау жеңімпаздары мен үміткерлері бағалы сыйлықтар мен грамота, дипломдармен марапатталды.