V Облыстық «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байқауы

Пнд, 23/04/2018 - 14:49 — julia

20 сәуір күні қазақстандық кітаптардың нағыз мерекесі - Облыстық «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқау мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасының ішкі «Рухани қазына» бағдарламасы аясында өтті.

Мақсаты - жасөспірімдердің қазақстандық әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру, әртістік қабілеті бар дарынды балаларды анықтау, қолдау көрсету.

Байқау Астананың 20 жылдығын мерекелеумен, Дүниежүзілік кітап күні және авторлық құқық күнімен ұштастырылды. Елорда мерейтойы байқаудың тақырыбы ғана болмай, оның мазмұнын толықтырды — қатысушылар Тәуелсіздік жылдарында шығарылған қазақстандық авторлардың шығармаларынан үзінді оқыды.

Балалар оқуға жауапкершілікпен қарап, сахналық бейнені тақырыптық атрибуттармен және декорациялармен толықтырды. Балалардың өнерін қазылар алқасы құрамындағы: балаларға арналған кітаптардың авторы, қоғам қайраткері, педагог — Суслова А.И., Ыбырай Алтынсарин атындағы мемориалдық музейдің жетекшісі — Оспанов М.Б., І.Омаров атындағы облыстық қазақ театрының әртісі, өнерге еңбегі сіңген қайраткер — Иманов Қ.С., Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының директоры — Теплякова Н.М., Қостанай облысы Мәдениет басқармасының мәдениет ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлімнің жетекшісі — Шевко И.В. бағалады. Қазылар алқасы көптеген байқауға қатысушылардың сөйлеу сауаттылықтарын, оқу мәдениеттерін, дауыс қойылымдарын, әртістік қабілеттерімен тарта білулерін және көркемдік талғамның ерекшелігін, жоғары деңгейде дайындалғандарын атап өтті.

Әр қатысушы өз марапаттарына ие болып, алғыс сөздерін естіді, ал ерекше көзге түскен балалар «Әртістік қабілеті үшін», «Айрықша таңдау», «Жарқын сахналық бейне», «Мұра» және «Кітапхана таңдауы» номинацияларын иеленді.

Сәкен Есенгелдиевтің «Жетім қыздың монологі» атты шығармасынан үзінді оқыған Рудный қаласының қатысушысы - Салиева Ұлдана лайықты жеңіске жетті. Зира Наурызбаева мен Лилия Калаустің «В поисках Золотой чаши» шығармасынан үзінді оқыған Ұзынкөл ауданынан келген қатысушы - Дарья Райляну екінші орынға ие болды. Әлдихан Қалдыбаевтың «Бүлдірген тере барғанды» кітабынан үзінді оқыған Әулиекөл ауданының қатысушысы - Құмар Жандос үшінші арынды алды.

«Рисунки ветром» атты қостанайлық топтың орындауындағы поппури байқауға қатысушылар мен келген қонақтарға тарту әрі іс-шараның жарқын соңы болды.

Фото


+ A -

Current Zoom: 120%

Электронный каталог

Послание 2024

Борьба с коррупцией

Одна страна – одна книга

Экранный диктор

Вход в систему