2018 жылғы 11 мамыр күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабының таныстырылымы өтті. Таныстырылымға №10 ОМ-тің 8 сынып оқушылары мен ЧелМУ-нің студенттері қатысты.
Тарихи публицистика жанрында жазылған, «Тәуелсіздік дәуірі»кітабы еліміздің жаңа тарихы мен оның ертеңіне деген автордың көзқарасын танытады.
Кітапты Челябі мемлекеттік университеттің Қостанай филиалының әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану пәндері кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты — Нұртазенов Төлеубай Қалиұлы таныстырды.
Оқушылар мен студенттер Төлеубай Қалиұлы ұсынған қызықты фактілерді тыңдады.Жас ұрпақ меңгеруге тиісті басты тағылым: «… кез келгенқолайсыз тенденцияны өзгертуге, кез-келген негативті балжамдарды теріске шығарып, өршіл және жоғары мақсаттарға қол жеткізуге болады. Жетістік кепілі — үнемі алға ұмтылу».