Сөз төресі - сәлемдесу

Втр, 08/01/2019 - 16:18 — admin

3 қаңтарда Өнер әдебиеттері бөлімінде алғашқы оқырмандарды барлық балалардың сүйікті жануары көңілді де қызықты торай Хрюша қарсы алды. Өйткені Жаңа 2019 жыл, шығыс күнтізбесі бойынша — Сары жер шошқасы жылы. Осы жылы туылғандар — тіл табысқыш әрі көңілді, жаны жайсаң, ұйымдастырушылық қабілеттерімен ерекшеленіп тұрады.

Міне осылай, Хрюша да жаңа жылдық өлеңдерден, мақал-мәтелдерден байқау ұйымдастырды, өзі туралы жұмбақтар жасырып, күлдіргі әңгімелер айтты.

Алғашқы оқырмандар Настя Китаева, Вика Остренкова, Айбар Карбузов және Алиса Бондаренко болды. Мерекеден естелікке балаларға Хрюшадан сыйлық қалды, олар қажетті және пайдалы заттар: кітапқа арналған белгібаулар, қарындаш ұштағыштар. Ал оригами стилінде жасалған қызықты бұйым жыл бойы көңіл-күйді көтеріп, әрқашан да оларды кітапханада күтетіндерін еске салып тұратын болады.

Фото


+ A -

Current Zoom: 120%

Электронный каталог

Послание 2024

Борьба с коррупцией

Одна страна – одна книга

Экранный диктор

Вход в систему