Сәлем, Әлем!

Втр, 23/04/2019 - 09:24 — Ольга А

Ежелгі Рим данышпаны Луций Анна Сенека, егер де Жерде жұлдыздарды тамашалайтын бір ғана орын болса, оған әлемнің түпкір-түпкірінен халық ағылатын еді деген екен. Сонша ғасыр өтсе де, адамдардың психологиясы өзгерген жоқ. Аспан магнит сияқты, ұшуды армандағандай, адамды үнемі тартып тұрады. Міне, осы арман туралы біз №2 мектеп-лицейінің 2 „а„ сынып оқушыларымен «Сәлем, Әлем!» шеберлік сыныбында сөйлестік. Грек аңызының кейіпкерлері Дедал мен Икар, Леонардо да Винчи, жүздеген өнертапқыштар, Константин Эдуардович Циолковский — барлығы осы арманды жақындатқандай болды, бірақ ол ХХ ғасырда жүзеге асты. Енді Сергей Павлович Королевтіі, Юрий Алексеевич Гагариннің есімдері миллиондаған адамға таныс. Тіпті бүгінгі күні «ғарыш» сөзі қиял-ғажайыпқа, құпияға толы естіледі, біз өзге ғаламшарлықтармен кездесуді армандаймыз, мүмкін олар да осы туралы армандайтын болар? Біздің балалар сияқты біз дәл осындай қызыққұмардың бейнесін салуға тырыстық, ал одан не шыққанын суреттерден қараңыздар.

Фото


+ A -

Current Zoom: 120%

Электронный каталог

Послание 2024

Борьба с коррупцией

Одна страна – одна книга

Экранный диктор

Вход в систему