Жаз! Сондай жұмсақ, нәзік сөз! Егер де көзіңді сәл жұмып, „Жаз„ сөзін бөліп-бөліп айтсаң, көз алдыңа жарқыраған күн, ыстық құм, терең көл, жасыл желек және де еркіндік пен бақыт сезімі елестер еді. Өйткені бұл балалар үшін көңілді әрі бейқам шақ – көптен күткен жазғы каникул басталды. Біздің кітапханамызда жазғы алаң аясында іс-шаралар басталды. Қаланың мектеп оқушылары «Көңілді бүлдіргіштер» шеберлік-сыныбы топтамасына қатысты. Нәтижесінде, біреуінде бильбоке немесе попадайка деп аталатын, екіншісінде оригами техникасымен жасалған сөйлейтін қарға, ал үшіншісінде СD-дисктерден жасалған балықтар пайда болды. Түзету мектебінің оқушылары „Жаз әуендері„ ойын бағдарламасына қатысты, онда олар сүйікті мульфильмдерінің әуендерін естеріне түсірсе, ал аумақтық орталық тәрбиеленушілері „Күн дегеніміз не?„ іс-шарасына қатысып, өздеріне көңілді күн жасап алды.
Көңілді бүлдіргіштер
Пт, 07/06/2019 - 15:14 — Ольга А