Балаларға арналған ертегілер-тәрбиенің өте тиімді құралы, сондай-ақ балалардың ең алғашқы өмірден алатын маңызды сабақтары. Сол себептен осы мол дүниеден балаларыңызға жақсылық пен жамандықты, адалдық пен достықты, қайырымдылықты бағалауға үйреткіңіз келсе халқымыздың ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа мұра ғып келе жатқан ауыз әдебиетінің бай қазынасын ұсынуды ұмытпаңыз. Біздің кітапхана бастаған «Түнгі ұйқыға кетерде, әжем айтқан ертегі» деп аталатын айдары сіздердің назарларыңызға қазақтың тұрмыс-салт ертегілерінен бастап ертегілердің даналық әлемінен таныстырмақшы. Ең алғашқы ертегіміздің атауы - «Сыбызғы сыры».
Кел, балалар оқылық
Чт, 09/04/2020 - 09:43 — Ольга А