«Кітап арқылы кітап оқуға, қоршаған әлемді тануға деген қызығушылықтар балалардың мектеп қабырғасынан қалыптасуы тиіс. Ал кітапхана осы қызығушылықтың ошағы, кітаптардың қызықты әлеміне жетелеуші орын болуы тиіс» - деп ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыруға шақырды.
Ғылыми-көпшілік әдебиетті насихаттау мақсатында кітапхана қызметкерлері кәмелетке толмағандарға арналған бейімдеу орталығының балаларына 1 ақпанда «Білуге құмармыз» ғылыми-көпшілік әдебиетіне шолу жасады.
Балаларға химия, философия және экономика бойынша қызықты кітаптар ұсынылды.