9 мамыр күні мереке қарсаңында «Оқу, білу, есте сақту» атты поэтикалық десанттық акция өтті. Қаламыздың тұрғындарына «солдат үшбұрышы» етіп бүктелген қағаз табысталды. Әрбір осындай «өткеннен хабар» соғыс кезіндегі өлеңді және жауынгерлердің қалай өмір сүргісі және сүйгісі келетінін қамтиды, бірақ олар бір Жеңіс және бейбіт аспан үшін шайқасқа түсіп, бәрін құрбан етуге мәжбүр болды! Өлеңдердің барлығын Ұлы Отан соғысына қатысқан, соғыс туралы бәрін білетін майдангер ақындар жазған. Акцияға қатысушылар зор тебіреніспен және ризашылықпен хаттарды қабылдап, баршаны мерекемен құттықтады.
#балалар_жылы