Қағаз адамзаттың ойлап тапқан ең керемет заты екенін айтпаса да белгілі. Оның шын екені Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының өнер бөлімі оқырмандарына мәлім. Қағазды алып,қиып, бояп бір-біріне жапсырып көлем берсең керемет затқа айналады. Осындай керемет нәрселерді жасауға әуес қыздар мен ұлдар «Шебердің қолы ортақ» сәндік қолданбалы өнер үйірмесіне бірнеше жылдан бері қатысуда.
Міне осы жолы да балалар қағаздың үш түрлі композицияға айналып өнер туындысына айналғанына көздері жетті. Бұл техниканы орындауға А. Никифоров атындағы ОКДБМ оқушыларының көлемді тамаша суреттер көрмесі шабыттандырды.
Кәсіби суретші Т. Изюмованың үйретуі бойынша балалар қағаздан нағыз алтын балық жасап,осы тамаша өнердің қыр-сырын танып, оны жан тәнімен сүюге үйретті.
Кім білед, біздің қол өнерімен шұғылданып жүрген шеберлеріміздің қағазды бүктемелеу өнері құпия болып қалмау күні жақын шығар :)