Алғыс айту күні

Втр, 01/03/2016 - 11:21 — julia

Биыл елімізде алғаш рет 1 наурызда Алғыс айту күні тойлануда. Елбасы бұл мерекені Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні атап өтуді ұсынған еді. Алғыс айту күні- барлық ұлттың бір-біріне және осы адамдарды қабылдаған, аяушылық білдірген қазақтарға алғыс айту күні ғана емес, бұл балалардың ата-анасына деген алғысы, әрбір адамның отбасына деген алғысы. Бұл күні кітапханамызда «Алғыс айту күні» атты акция өтті. Кітапханашылар өз оқырмандарын жылы шыраймен қарсы алып, оларға жаңа мереке туралы мәлімет беріп, Қазақстанда тұратын барша халыққа арналған кітаптармен таныстыра отырып, оқырмандарымызға алғыс білдіріп, оларға тәтті тағамдар ұсындық.

 


+ A -

Current Zoom: 120%

Электронный каталог

Послание 2024

Борьба с коррупцией

Одна страна – одна книга

Экранный диктор

Вход в систему