«Сөз құдіреті» 2016

Втр, 26/04/2016 - 10:16 — julia

2016 ж. 22.04. Ы. Алтынсарин ат. Облыстық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапханада III облыстық «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байқауы өтті.

 

Сайыстың ерекшелігі 12-13 жастағы жасөспірім қатысушылар мектеп бағдарламасына кірмейтін прозалық шығармалардан үзінділерді жатқа орындайды. Біздің өңірдің оқитын балалары байқаудың арқасында оқуға қолдау тауып,жаңа авторлармен танысып, жаңа сезімдерді бастан кешеді. Жыл сайынғы әр сайыс оқитын балалар үшін оқу мерекесіне айналуда.

Биылғы жылы сайыс Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған және оның шарты бойынша байқауға қатысушылар тәуелсіздік жылдарында жазылған не басылған қазақстандық жазушылардың шығармаларын орындады. Байқауда Мира Альмерек, Аделия Амраева, Мейіржан Жылқыбай, Болат Бащжанов, Ділдар Мамырбаева, Ертай Айғалиұлы және т. басқа авторлардың шығармалары оқылды. Қызықты және қайғылы, драмалық және күлдіргі туындылар көрермендерге әр түрлі көңіл-күй сыйлады. Қазіргі қазақ әдебиеті қатысушылар мен көрермендерге бір қадам болсада жақындады деген сенімдеміз. Сайыстың лайықты жеңімпазы болып, Р. Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» шығармасынан үзінді оқыған Қарабалық ауданының оқырманы Битенова Мөлдір атанды. Сонымен қатар, қатысушылар: «Артистік шеберлік үшін», «Мұра», «Нағыз сахна бейне», «Ерекше таңдау», «Кітапхана таңдауы» номинацияларын иеленді.

Байқауға қатысқан барлық қатысушылар қатысқаны үшін сыйлықтар алды.

Фото


+ A -

Current Zoom: 120%

Электронный каталог

Послание 2024

Борьба с коррупцией

Одна страна – одна книга

Экранный диктор

Вход в систему