7 ақпанда кітапханада «Қазіргі бозбалалар мен қыздар. Олар Қандай?» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Атаулы тақырыпты талқылауға «Зерек» колледжінің 1 курс студенттері мен «Адамгершілік қасиет» клубының мүшелері атсалысты. Қатысушылар 21 ғасырдың бозбалалары мен қыздары бейнесін сомдауға тырысып бақты. Әрине, бастапқысында сондай айқын шықпады: тәрбиелі, бірақ үнемі емес, кейде көпшіл, онша салмақты емес, неге қызығушылығы бар екені түсініксіз болды. Барлығының сана-сезіміне жеңіл енетін, 19 ғасыр бозбалалары мен қыздарының бейнелерін салыстыру үшін үлгіге алдық. Міне, осылай балалардың, педагогтің және кітапханашылардың бірігіп жұмыс істеуі нәтижесінен қазіргі жас адамның портреті шықты. Ұтқыр, талапкер, ашық, сенімді. Музыкамен, спортпен әуестенеді, әлеуметтік желілерде отырғанды ұнатады және ең бастысы кітап оқиды. Сүйікті жанрлары: фантастика, өзін-өзі дамыту бойынша кітаптар мен классика. Жастарды дамыту үшін білім беру жүйесін өзгертіп, ғылыми және шығармашылық ойларды жүзеге асыру үшін көбірек мүмкіндік жасау керектігін балалар соңында айтты.
Кездесуден кейін «Бір-біріміз жайлы не білеміз?» деген тақырыппен кітап көрмесі ұсынылды. Ұлдар мен қыздар деген кімдер? Бір-бірімізді қалай түсінуге болады? Қыздар мен ұлдардың қарым-қатынсында қандай дағдылар болады? Бір-бірімізге қалай ұнау керекпіз? Осы сияқты сұрақтардың жауабын көрмеде қойылған кітаптардан алуға болады. Әрине, ұлдар мен қыздардың оқу шеңбері де қозғалды. Олар оқитын кітап түрлері өте көп екен. А.Амраеваның «Футбольное полесі» қыздардың сүйікті кітаптарының бірі болса, Д.Гриннің «Виноваты звезды» кітабы ұлдардың жүрегін баурайды. Ал ата-аналар үшін жасөспірімнің есеюі кезінде болатын түрлі жағдайларға ақыл-кеңестер беретін әдебиеттер таңдалды.