Дәйексөздер

Біздің сайттың дәйексөздері бар бетінен қазақ балалар әдебиетінің шығармаларынан алынған дана сөздерді оқи аласыздар. Сондай-ақ шығармадағы кейіпкерлерінің қызықты жауаптары мен пікірлері сіздерді таң қалдырып, қызықтырған болса, онда сол шығармаларды оқып алуға асығыңыздар.

1. Әкемнің өмір жайлы әңгімелеріне татитын кітап оқып көрген емеспін мен әлі күнге. Әлдихан Қалдыбаев «Мен апамның баласымын»

2. Бала күнімде мен әрбір ісімді әкемді ренжітпеу үшін, әкемді қуанту үшін ойланып істейтінмін. Әкемнің маған сөйлемей қойғанынан қорқынышты күн жоқтын. Гүлзат Шойбекова «Торытөбел»

3. ...Мен өзім, апам айтпақшы, бір қызық жаралған баламын. Бір нәрсе жек көріп тұрсам да, әп-сәтте соған ниетім ауып кетеді. Шәкен Күмісбайұлы «Чемпион, кітапхана және мен»

4.Тентек бала түзелсе ел ұстайды. Дария Жұмагельдинова «Еркетай есімді Еркеғали»

5. Бала аштыққа да, жалаңаштыққа да төзеді. Ал бірақ ойнамай төзе алмайды. Бердібек Соқпақбаев «Балалық шаққа саяхат»

6. Қазір адамдар жеңіл нәрсеге үйреніп алған.Және сол жеңіл нәрселер ойсыздыққа жетелеп барады. Ал ойсыздықтың соңы ақымақтыққа апарып соғатыны анық. Сарыбай Бейбіт «Ақтабан»

7. Бүкіл жан-тәнім ойынға бейімделіп келе жатқандықтан, мен әнеугүні оқимын деп, тізімге құлшынып жазылғаныма тап осы арада қатты өкіндім. Қазір маған оқудан ойын мың есе қымбат еді. Оқудың бүйтіп міндет болып келетінін мен қайдан білейін. Бердібек Соқпақбаев «Балалық шаққа саяхат»

8. Балаларымыз арманшыл болсыншы.Төбесінде аспан барын білмейтін тоғышарлар сол балаларға кедергі келтірмесе болғаны. Сарыбай Бейбіт «Ақтабан»

9. Қанша қызыққанымызбен, кішкентай құшағымызға бір дарбыздан артық сыймайды. Қасым Қайсенов «Тәтті іздеп...»

10. -Ау, балалар, егер өтірік айтпайтын күнді бекітіп алып, бірақ дәл сол күні өтірік айтатын болсақ? онда мұндай күннің өзге күндерден не айырмашылығы бар?! Әлібек Файзуллаұлы «Өтірік айтпайтын күн»

11. Іштей біреудін сурінгенін, біреудің мулт жібергенің калайтындарда мейірім деген болмайды. Әлібек Файзуллаұлы

12. «Бір күн шөл, бір күн көл өмір-ай» «Ертарғын» батырлық жыры

13. Бұл дүние - ертегі қиял дүниесіне, сиқырлы дүниеге айналып, біз өзіміздің бар-жоғымызды да ұмытқандай болдық. С. Мұратбеков «Жусан иісі»

14. Ана бауыры - балаға жау алмас қорған. Бердібек Соқпақбаев «Балалық шаққа саяхат»

15. Шіркін, біздің өмірлеріміз тек ертегі күндерінен тұрса ғой. Айгиз Баймұхаметов «Ертегісіз өткен балалық»

16. Бір нәрсе ғана ақиқат: өзің ақымақ әрі қорқақ болсаң, жауыз болуың да оп-оңай, тек бастаушың болсын. Сайын Мұратбеков «Әжібектің әлегі»

17. Әкемнің өмір жайлы әңгімелеріне татитын кітап оқып көрген емеспін мен әлі күнге. Әлдихан Қалдыбаев «Мен апамның баласымын»

18. Бала күнімде мен әрбір ісімді әкемді ренжітпеу үшін, әкемді қуанту үшін ойланып істейтінмін. Әкемнің маған сөйлемей қойғанынан қорқынышты күн жоқтын. Гүлзат Шойбекова «Торытөбел»

19. ... Мен өзім, апам айтпақшы, бір қызық жаралған баламын. Бір нәрсе жек көріп тұрсам да, әп-сәтте соған ниетім ауып кетеді. Шәкен Күмісбайұлы «Чемпион, кітапхана және мен»

20. Кіп-кішкентай болып ақ

«Мен, менікі» дейді де жүреді.

Бір ауылдың баласымыз ғой.

Бізді бөлетін де осы «Мен» ғой. Шәкен Күмісбайұлы «Ит талас»

21. Жалғыз жүріп жол тапқанша, көп болып адасқан жөн. «Ертарғын» батырлық жыры

22. Шіркін-ай, мойынға алған жұмысынды тындырып тастап, рахатқа бабатын кездерің де болы-ау! Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа»

23. Тентек бала түзелсе ел ұстайды. Дария Жұмагельдинова «Еркетай есімді Еркеғали»

24. Шіркін, өткен жылдардан кешірім сұрап, балалық шаққа қайтып оралатын күн туса... Бірақ ол ертегілерде ған болатын ғажайып емес пе... Нұрғали Ораз «Аяқталмаған ертегі»

25. Туған анасын көрмесе де, шешесін сағынбайтын бала жүрегі болмайды. Ғабит Мүсірепов «Ана құшағында»

26. Адам үмітпен өмір сүреді. Мені де көп үмітім алға сүйрейді. Әлдихан Қалдабаев «Мен апамның баласымын»

27. Оқулығы сай бала-көңілі жай бала. Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа»

28.Адам аты алыс қашықтықтаңда жылы сәулесін жеткізе алады. Талаптан Ахметжан «Шығармалар жинағы»

29. « ...адал еңбекпен табылған қатықсыз қара су да балдай болатынына әлі талай көзің жетер.Тек арамынан сақтасын». Жаңабек Шағатаев «Бірінші кластың баласы»

30. «Адамда не көп, ой көп. Ұшан-теңіз, кеме болып жүзе берсең,шегіне жету қиын-ақ»... Серікбай Оспанұлы «Ахмет өскен ақындық орта»

31.Мамандықтың ішінде жаманы жоқ. Кім болсаң да – бол. Ешкім бола алмай қалсаң, ең жаманы сол. Бердібек Соқпақбаев «Аяжан»

32. Күткен адамыңнан хат ала алмай, күтпеген жанның қарша бораған хатының астында қалғаннан қиын не бар екен?! Талаптан Ахметжан«Шығармалар жинағы»

33. Адамдар жүрген жер-құт! Қарлығаштар сондықтан да оларға жақын жүреді. Қаржаубай Омарұлы «Бала балапандар»

34. Талантты жазушылар бір жақсы кітап жазып та байып кетедіекен. Талапсыздарға әдебиетке келер жол жоқ. Бердібек Соқпақбаев «Ергежейлі еліне саяхат»

35. Өңімде түс, түсім де-түс, дүние-түс, бар ғаламды байластырған қандай күш?! Талаптан Ахметжан«Шығармалар жинағы»


+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 32 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана