Ходжа Ахмет Яссауи

Бс, 23/06/2016 - 14:11 — julia

 

 

1. Өмірбаян

2. Әдебиет тізімі

3. Яссауи шығармалары

4. Сайт

5. Хикметтер

 

 

 

 

 

 

 

 

Өмірбаян

Қожа Ахмет Йассауи (1093 ж.ш., кейбір деректерде 1103, 1041, Сайрам (Исфиджаб) — 1166 ж. Түркістан (Иасы)) — түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының, байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орыны бар ұлы ақын, пәлсапашы. Негігізгі бөлім Қазақша шығарма: Қожа Ахмет Йасcауи Қожа Ахмет Йассауи – түркістандық ғұлама, әулие. Қожа Ахмет Йассауидің арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі – Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Кейбір деректерде Қожа Ахмет Йассауидың Ибраһим атты ұлы мен Гауhар Хошназ (Жауhар Шахназ) атты қызының болғандығы айтылады. Қожа Ахмет Йассауидың ұрпағы негізінен осы қызынан тарайды. 9 ғасырда Отырар, Исфиджаб, Баласағұн, Иасы, Сауран, Сығанақ Шаш, Сүткент, Жент, Кудур, Отлук, Өзкент, тағыда басқа Мауераннахр қалаларында ислам діні уағызшыларының белсенді әрекеттері саяси сипат алған болса, 10 ғасырдан бастап ислам ілімі жолындағы тәлім-тәрбиелік ордалар – медресе-теккелер түбегейлі орнығып, исламдық-руханияттық ахлақи (моральдық) ұстанымдар қалыптаса бастады. Қожа Ахмет Йассауи дүниеге келмей тұрып, Исфиджабта исламдық фикһ (құқық) мектебі ханафи мазһабының ондаған өкілдері өмір сүрді. Йассауи ілімі осы саяси-әлеуметтік, тарихи шарттарға байланысты қалыптасты.
 
Қожа Ахмет Йассауи ұстаздарының көшбасшысы – Арыстан баб. Кашифи “Рашахат-ул айн-ил хайат” атты еңбегінде Қожа Ахметтің Арыстан бабтың шәкірті болғандығы, одан заһир және батин ілімдерінің сыры мен мәнін үйренгендігі, оған 16 жылы қызмет еткендігі туралы мәлімет береді. Йассауидың “Диуани хикметінде” де Арыстан баб жиі ауызға алынады. Қожа Ахмет Йассауидың өмірі мен қызметі туралы Жазба деректерде (Хазини, “Жауаһир-ул Абра Мин Амуаж-ил Биһар”) оның Юсуф Хамаданидың шәкірті екендігін көрсететін деректер болғанымен, соңғы зерттеулерде оны теріске шығаратын тұжырымдар айтыла бастады. Қожа Ахмет Йассауидың алғашқы шәкірті – Арыстан бабтың ұлы Мансұр Ата, екінші шәкірті – Сайид Ата Хорезми, үшінші шәкірті – Сүлеймен Бақырғани. Осылардың ішіндегі ең көрнектісі – Бақырғани (Хакім Ата) (Кашифи, “Рашахат-ул айн-ил хайат”). Тағы бір танымал шәкірттерінің бірі Мұхаммед Данышменди сопы Қожа Ахмет Йассауидың “Мират-ул Қулуб” атты мұрасын хатқа түсірді. Сондай-ақ Садр Ата, Бадр Ата, Қажы Бекташ Әулие, Сары Салтұқ, Шейх Лұқпан Перенде сияқты тұлғалар да Қожа Ахмет Йассауидың шәкірттері саналады. А.Беннигсон Қожа Ахмет Йассауидың Шопан Ата және Зеңгі Баба атты да шәкірттерінің болғандығын айтады. Йассауи шәкірттері жөнінде Фуат Көпрулу: “Мутасаууфтардың (сопылардың) өмірбаяны жайлы еңбектерде Ирак, Хорасан және Мауераннахр сопыларынан басқа түркі шейхтары деп жүрген сопылардың барлығы дерлік Қожа Ахмет Йассауи тариқатының шейхтары еді” дейді. Ахметтің әкесі діндар, құдай жолын ұстаған атақты шайкылардың бірі болған секілді. Бұлай дейтін себебіміз, ақынның 149-хикметінде оның шыққан тегі туралы төмендегі сыр шертеді.

Жергілікті халықтың салт-санасы мен сенім-нанымына, әдет-ғұрпына қайшы келмейтін діни-мистикалық мектептің негізін қалаған Қожа Ахмет Йассауи шығармашылығы сопылық ағымның түркілік дәстүріне даңғыл жол салды. “Ислам дінін тек араб тілі арқылы ғана тануға болады” деген түсінікті теріске шығарып, сопылық әдебиет ұстанымдарын көне түркі әдеби тіл – шағатай тілінде сөйлетті. Қасиетті кітаптың арабша мағынасын толықтай түсіндіру, шариаттың қыр-сырын, дін қағидаларын қалың қауымға өз тілдерінде тереңнен таныту мақсатында хикметтерін жергілікті халыққа жақын айшықты поэзия тілімен жазды. Қожа Ахмет Йассауи түркі тілінде жатық әрі бейнелі жыр жазудың үлгісін жасап, түркі тілдерінің көркем шығармалар тудыру мүмкіндігінің мол екендігін дәлелдеді. Оның жазба әдебиет үлгісіндегі шығармалары түркі топырағында ертеден қалыптасқан суырыпсалмалық дәстүрдегі әдебиетке жаңа серпін, тың мазмұн алып келумен қатар, оны түр жағынан көркейтіп, кемелдендіре түсті. Сөйтіп, бұрыннан дидактикалық сипаты басым түркі әдебиеті насихаттық ой тұжырымдармен толыға түсті. Ол фольклор мен жазба әдебиеттің өзара жақындасуының, толысып, көркеюінің дәнекері бола отырып, Шығармашылық әдебиетінде ертеден қалыптасқан, Құран Кәрімде баяндалатын тарихи аңыздар мен пайғамбарлар, әулие-әнбиелер жөніндегі әпсаналарды хикметтерінде ұтымды пайдаланды. Қожа Ахмет Йассауи шығармашылығы түркі-мұсылман әлеміне кеңінен танылып, Йассауи ше хикмет жазу дәстүрге айналды. Кіші Азияда Қажы Бекташ, Жүніс Әмре, Сүлеймен Бақырғани хикметтерінен Қожа Ахмет Йассауи сарыны байқалды. 12 ғасырдан бері түркі халқының дүниетанымына елеулі ықпал еткен Қожа Ахмет Йассауи сарыны Асан Қайғыдан Абайға, сондай-ақ, күні бүгінге дейінгі қазақ ақындары шығармаларында көрініс тапқан.

НАВЕРХ


Әдебиет тізімі

Әдеби жәдігерлер. 20 томдық. 6-т: Қ. А. Иасауи Даналық кітабы. А. Йүгнеки Ақиқат сыйы / құраст. А. Әлібекұлы және басқа. - Алматы: Таймас, 2008. - 488 б. - (Әдеби жәдігерлер).

Бахадырұлы, Қожа-Мұхтар. Ясауи кесенесінің жағдайы аландатарлық / Қожа-Мұхтар Бахадырұлы // Ақиқат. - 2014. - № 5. - 39-41 б.

Есім, Ғ. Иоллығтегін (VII-VIII ғ.): түркі дүниесінің тұлғалары / Ғ. Есім // Әлем әдебиеті. - 2012. - № 2. - 194-212 б.

Зұлпыхар, Қ. Қожа Ахмет Иасауи кесенесі / Қ. Зұлпыхар // Мәдени мұра. - 2008. - қазан-желтоқсан. - 69-73 б.

Касымжанова, Г. Ходжа Ахмед Яссави / Г. Касымжанова // Касымжанова, Г. Архив памяти.- 2003. - С. 112-117.

Кенжетаев, Д. Ясауи жолы - дініміз бен діліміздің темірқазығы: [көне өркениет ордасы] / Д. Кенжетаев // Егемен Қазақстан. - 2011. - № 461-464. - 6 б.

7. Кенжетай, Д. Иасауи атамыз "зиялы" деп кімді атайды... / Кенжетай, Д. // Ақиқат.- 2013. - № 11. - 38-42 б.

8. Қазақ халқының философиялық мұрасы. Жиырма томдық. Т. 4: ислам философиясы / құраст. Ә. Нысанбаев, Д. Кенжетай; ауд. Д. Кенжетай және басқа. - Астана: Аударма, 2005. - 536 б. - (Мәдени мұра).

9.Қарамурзина, А. Қожа Ахмет Ясауи мұралары / А. Қарамурзина // Мәдени мұра. - 2010. - № 5. - 37-41 б.

10.Мұстапаева, Д. Ясауи кесенесіне жерленген тарихи тұлғалар: және оларды жерлеудегі көне салт-дәстүр, наным мен әдет-ғұрыптардың көрінісі: [тарихи тұлғалар] / Д. Мұстапаева // Қазақ тарихы. - 2013. - № 5. - 5-7 б.

11.Садықбеков, М. "Ясауи кесенесі қазақ халқының ұлттық пантеоны" / М. Садықбеков; сұхбаттасқан Қ. Бәкір // Қазақ әдебиеті. - 2010. - № 20 (21-27 мамыр). - 4 б.

12.Сыздықова, Р. Көптомдық шығармалар жинағы. Т. 7. Ясауи "Хикметтерінің" тілі / Р. Сыздықова. - Алматы: Ел-шежіре, 2014. - 665 б.: портр.

13.Тамыр жайған бәйтерек: [ғылыми мақалалар]. Ғасырлар тереңінен маржан терген // Қыраубаева, А. Мыңжылдық жолаушы: 5 томдық шығармалар жинағы: көркем әңгімелер, ғылыми мақалалар, естеліктер. - Алматы, 2012. - 137-142 б.

НАВЕРХ


Яссауи шығармалары

Иассауи, Қ. А. Диуани Хикмет: ақыл кітабы / Қ. А. Иассауи; қазақшаға ауд. М. Жармұхамедұлы, С. Дәуітұлы, М. Шафиғи. - Алматы: Өнер, 2007. - 304 б. - (Ғасырлар үні).

Иассауи, Қ. А. Диуани Хикмет: даналық кітабы / Қ. А. Иассауи; құраст., жауапты ред. К. Серікбаева; ауд. Е. Дүйсенбай. - Алматы: Халықаралық Абай клубы, 2009. - 310 б. - («Аманат» журналының кітапханасы: VII-XXI ғасыр поэзиясы; № 74).

Иасауи Қожа Ахмет (ХІІ ғасыр) «Диуани хикмет» кітабынан / Иасауи Қожа Ахмет (ХІІ ғасыр); бас редактор Ә. Нысанбаев // Екімыңжылдық дала жыры. - Алматы. - 2000. - 46-47 б

Иассауи, Қ. А. Хикмет: жинақ / Қ. А. Иассауи; алғы сөз М. Жармұхамедұлы. - Алматы: Жалын, 2002. - 267 б.: портр. - (Әлем әдебиеті).

Иассауи, Қ. А. Хикмет жинақ: даналық сыр / Қ. А. Иассауи. - Алма-Ата: Жалын, 1998. - 656 б.

Иассауи, Қ. А. Хикметтер: Шағатай тілінен аударма / Қ. А. Иассауи; жалпы ред., алғы сөз. М. Қ. Әбусейітова; қаз. ауд. Ә. М. Ибатов, З. Жандарбек, А. Ш. Нұрманова. - Алматы: Дайк-Пресс, 2000. - 201 б.

Иасауи Қожа Ахмет. Даналық кітабы / Иасауи Қожа Ахмет; құраст. А. Әлібекұлы, С. Дәуітұлы, Б. Сағындықұлы // Әдеби жәдігерлер. 20 томдық. 6-т:Қожа Ахмет Иасауи. Даналық кітабы. Ахмет Йүгнеки. Ақиқат сыйы. - Алматы. - 2008. - 9-344 б. - (Әдеби жәдігерлер)

Иассауи Қ. А. Хикметтер: (Даналық кітабы) / Қ. А. Иассауи; ауд. Е. Дүйсенбай; Қаз. Респ. білім, мәдениет және денсаулық сақтау м-рлігі; Қаз. даму ин-ты Қожа Ахмет Иассауи.- Алматы, 1998. - 166 б.

Иассауи, Қ. А. Хикметтер: даналық кітабы / Қ. А. Иассауи; жобаның авт. М. Кемел.- Астана: Аударма, 2002. - 112 б. - (Даналық дәрістері).

Қожа Ахмет Йассауи // Бала би. - 2002. - № 10. - 8 б.

Ясауи, Қ. А. Қам көнілдің қайғысына дауа бол / Қ. А. Ясауи // Егемен Қазақстан. - 2003. - 28 қараша. - 3 б.

НАВЕРХ


Сайт

  1. https://kk.wikipedia.org/wiki/Қожа_Ахмет_Ясауи
  2. https://kk.wikipedia.org/wiki/Қожа_Ахмет_Ясауи_кесенесі


Хикметтер


 

Қам көңілдің қайғысына дауа бол,

Жолда шаршап шалдыққанға сая бол.

* * *

Ғаріптерге көңіл бөл.

* * *

Құран ұстап оңдырмас жалған ғалым.

* * *

Әмәнда сауап жаса.

* * *

Тасжүрекке құдай назар салмайды.

* * *

Жан пидасыз кұр "һу-һу" - бәрі жалған.

* * *

Өзі, сөзі тазаны қолдайды Жаппар-Аллам.

* * *

Халқыңа қызмет ет, ізгілерге ізет ет,

Жаны жақсы жайсандарға құрмет ет.

* * *

Алла дегенге жын-шайтан жоламайды.

* * *

Әуейілік, пендешілік - бір жат іс.

* * *

Төубе қылмай, сауда қылғаннан сактағай.

* * *

Не болса да, сабыр қыл.

* * *

Шариғаттың шарты — иман.

* * *

Күнәдан қорық.

* * *

Нәпсің тынса — пейілің кеңір.

* * *

Күнәм көп — қоркам ойлап

сергелдеңін.

* * *

Не көрсең де — Құдіреттің калауы.

* * *

Қайғы-уайым өр нәрседе абай болуға үйретеді.

* * *

Шын мүсәпірге — тақ пен бақтың өзі зындан.

* * *

Тағат қылмай өңмеңдеуден түк өнбес.

* * *

Қүштарлыктың сыры — алуан.

* * *

Алла дерті сатылмайды.

* * *

Пірге кызмет ақылы емес.

* * *

Ғашық патша да, ғашық пақыр да жауласа алмас.

* * *

Ғашықтык, күштарлык дертіне

* * *

Құштарлық — дария түбіндегі ғауһар төрізді.

* * *

Кердеңдік — пиғылы бұзылған пасықтың ісі.

* * *

Пейіл бұзылған кезде ораза, намаз, тазалық ұмыт қалады.

* * *

Бай малына мәз.

* * *

Менмен бай кұдайға да ауыз салады.

* * *

Дұниеқоңыздың ішіне шайтан кіреді.

* * *

Ақ көңіліңмен алла дегеніңді төңірі біледі.

 

Диқан емес кетпен шауып нан бермеген.

* *

Ғашықтардан жөн сұрап әуре болма.

* *

Такуа болма, тентек болма — ғашық бол.

* * *

Алланың ақ жолынан өзге жолда қайран жоқ.

* * *

Ғашық болсаң — таза бол.

* * *

Кісі малын қымқырып, ары азғандар оңбайды.

* * *

Ынсапсыздар өздерін өмір бойы шәкіртке санайды.

Іші қулыққа толының, кекірегінде ары жоқтың жүрегі дірілдемейді.

Нағыз тәліп (шәкірт) кісінің іші толы

дүрлерге.

* * *

Жаман тәліп зікіршіл боп төс қағар,

Көздерінен жас тамбас.

* * *

Құр мақтанға қүмартып, тұрғызба биік күмбездер.

* * *

Дүние фәни — өткінші.

* * *

Имансыздар өздерін өлмей-тіндей көреді.

* * *

Имансыздың көңіл көнегі еш-қашан толмайды.

 

Аштан өлер болсаң да нә-мартқа міндет артпағын.

* * *

.. Қүл Қожах-мет, наданға сез айтпағын,

Өзіңнің асыл сезіңді арзымас пүлға сатпағын.

* * *

Тәубесі жоқ-тың көңілі арам.

* * *

Құр қалғанды алла да кұп көрмейді.

* * *

Молла, мүфти болғансып жалған дүға қылғандар,

Ақты кара дегендер тамұкқа барып жатады.

* * *

Нақақ жалаға қол қойған қазы, имамдар өздері шығарған үкімдердің астында қалады.

* * *

Арам жеген әкімдер, параға құнық-қандар өкініш отына өртенеді.

* * *

Тандап төтті жегендер де, атлас-кдм-қа кигендер де, алтын такка мінгендер де бір күн жермен-жексен болады.

Не көрсең де — тәңірі ісі.

* * *

Ғайбат айтып өркімдерді тілдеу — надандық.

* * *

Арың сақта, болсаң да малға кедей.

* * *

Жан жылуын өшірме.

* * *

Мұратқа жолын тапқан жетеді.

* * *

Уа, дариға, арманмен өтер өмір.

* * *

Білінбесін мінезіңнің кілтіңі.

* * *

Жамандык, ойлама.

 

* * *

Қиын да болса түзу жолмен жүр.

* * *

Бос үмітке алданба.

* * *

Ғашықтық жол — ауыр жол.

* * *

Өзім болдым демегейсің.

* * *

Үстазыңа бар ықылас-ниетіңмен қызмет қыл.

* * *

Үстазына қызмет қылмаған — надан.

* * *

Ойдағың оңай орындала бермейді.

* * *

Өтірікшінің орны — тозақ.

* * *

Жалған сөйлеген имансыз қалады.

* * *

Дабыра-даңғазалыққа әуес-үйір болма.

* * *

Ғашықпын деп көп ішінде кеуде қақпа.

* *

Шын ғашыктық - ұлы іс.

Көңілі кезсіз кәззаптардан сақтасын.

* * *

Бар ықылымнан таппадым таза жанды.

* * *

Білімнен бейхабарлар алланы да білмейді.

* * *

Дінсіз жанда иман жоқ.

* * *

Бұл заманның бос кеуде шайқылары, Жиырма беске жетпей-ак. сарқылады.

* * *

Парықсыздар өздері жақсы-жаман-ның не екенін білмей жатып мәнсіз бі-реулерді жер-көкке сыйғызбай мақтайды.

* * *

Жарым ақыл жарлылар езгелерді иландыру үшін әулиелердің терме-нақылдарын теріс пайдаланады.

* * *

Сайқалдығы сайтаннан да асатын жүзіқаралар кездеседі.

* * *

Мүндарлардың маңына жоламағай-сың.

 

* * *

Дүррі ғауһар сөздерінді тындарлык — Шын ғалымға жаның дағы қүрбандық.

* * *

Алланы таныған өзін де табады.

* * *

Қүдайдан қорыққан ынсапшыл келеді.

* * *

Мүхаммед: адам емес ақиқатты білмеген.

* * *

Жамандыққа жақсылықпен жауап бер: бүл — пайғамбарымыздың өнегесі.

* * *

Жетім, пақыр, ғаріпті жебей жүргейсің: бүл — пайғамбарьшыздың өнегесі.

Өтірікшілерді жек көр: бұл — пайғамбарымыздың өнегесі.

* * *

Адал жанды пенделерге сен: бұл — пайғамбарымыздың өнегесі.

* * *

Сөзіне беріктерге пайғамбар да сенген.

* * *

Заман азар уағында патша айналар залымға.

* * *

Тарихатты білмегендер адалдық жолымен жүре алмайды.

* * *

Арыстан баб — шерлердің шын күлы, құштарлықтың бұлбұлы.

* * *

Бөле келсе — сабыр ет: бәрі төңірінің ісі.

* * *

Мал-мүлік жидым деп мәз болма — жан кеткенде кетеді.

Ата-ан аң, бауырлар қайда кетгі — ойланшы,

Төртаяқты ағаш ат саған да бір күн жетеді.

* * *

Кісі ақысын жеме.

О дүниеге ешкім де саған жолдас боп ер-мейді.

* * *

Ғашықтың күйіп-жануы — қалауы дейді қүдайдың.

* * *

Ғашық бол, қалтқысыз адал ашық бол.

* * *

Пенденің кемел жасы — қырық.

* * *

Алла сөзі: жетпіс, сексен, тоқсан жасқа жётсё пендем — күнәлөрін кешу-ге уөде берем.

* * *

Арамзамен сырлас болма,

Олай етсең баспайды ісің оңға,

Бастан аяқ батумен пәле-сорға.

* * *

Ғалымдарға кітап керек,

Сопыларға михраб керек,

Мәжнүндерге

Ғапылдарға дүние керек, Ақылдыға білім керек, Шешендерге мінбе керек.

* * *

Дүниеге қүл болма.

* * *

Халықтан мейірім кетті, Момынға телі-тентек тақымы өтті, Талтүсте талапайда ақым кетті, Бүл не деген заман болды, достар?!

* * *

Үлкен-кіші адамнан иба кетті, Қыз-бозбала жастардан өдеп кетті, Мінез-қүлық бүзатын едет жетті, Бұл не деген заман болды, достар?!

* * *

Жамағаттың жақсыға күрметі жоқ, Кішілердің үлкенге ізеті жоқ, Патшалардың әдіддік міндеті жоқ, Бүл не деген заман болды, достар?!

* * *

Айтылған сөз, уөденің байламы жоқ, Өтірікке шындықтың қайраны жоқ, Шындық айттым осылай

шырқыраған, Қүл Қожа-Ахмет сөзінің

жалғаны жоқ.

* * *

Мейірімі жок менмендерге қаспын мен.

* * *

Ақ ниетімен ақ-адал дәмін үсын-ғандарға ақ пейілді бол.

* * *

Махаббат дөмін татпаған, жар сүйіп, қызығын көрмеген, үйін ойлап дүние таппаған, ойсыз-қамсыз шайтандыққа бой алдырғаннан иман кашады.

* * *

Әзөзілдің арбауына көнбе.

* * *

Тапқаньщ болса — ғаріп-пақыр, жетім-жесірлермен бөліс.

 

Нәпсіқүмар нас пиғылды жеңген төңірі жолына түседі.

* * *

Қолыңнан келсе кеудеңде шырақ жандыр.

* * *

Кітап аш та, мәнін ұқ.

* * *

Әділ сейлеп, адал жүр.

* * *

Жалғанқүмар, суайт сопыны жүндей түт.

* * *

Аяқ-қолыңды жерге түсірмей мақтағандарға қуанба.

* * *

Шын сүйіспеншіліктің не екенін білмеген жан жолда калады.

* * *

Шын мүбәрәк жанның бағы жанар.

* * *

Бір алладан басқа жәрдемші жоқ.

* * *

Жасырсың үйқы қашса, бейнет басса.

* * *

Ойсыз, мүңсыз уақыт зая.

 

* * *

Тағаттылар табар рахат.

* * *

Тағат жөннәтка да жол табады.

* * *

Көңіл қүсы кияндарға қонады.

* * *

Күнө — дерт.

* * *

Нәпсісі үшін қыр шарлаған итке үксағаннан — өлген жақсы.

* * *

Жарандармен қоян-қолтық аралас-пасаң, жылуын да сезбейсің.

* * *

Қайғы-уайым қиналтар талай жанды,

Үйретер әр нәрседе абайлауды.

* * *

Мінөжатқа шын қүлыксыз түра салма.

* * *

Ғажап кой ішпек-жемек рахат үшін.

* * *

Үрыншактың дауы көп, Жамандардың дауы көп.

Көпке топырақтай төселіп қызмет қыл.

* * *

Қысыр сезге жолама.

* * *

Безбүйректің сенің іштегі дертіңде еш жүмысы болмайды.

* * *

Ынсапсыздарда үят-аят деген болмайды.

* * *

Сырты — сұлу, іші — арам.

* * *

Төні тәрбиелінің жаны жаннатта болады.

* * *

Ақырзаман адамдары үйлерін өр-нектеуге, күйкі тірлікті күйттеуге өуес келер.

* * *

Тәубесі жоқ, көңілі арам пасықтар-ға тар лақатта қатты азап қасіреті бар.

* * *

Күнө кылсаң — тәубеңә кел.

* * *

Ғашықтық — дүниедегі ең қиын түйін.

* * *

Жан — жара, көңіл — нала.

* * *

Дау — арам.

* * *

Ынтасыздың күні караң.

* * *

Тойымсыздық — теріс нәпсі.

* * *

Опасыз дүние жима.

* * *

Мінәжат сырын қиналған білер.

* * *

Тарихат тапқан тазарар.

* * *

Ақикдт алауы да өртей алады.

* * *

Алланы таны, құдайдан қорық, ынсапты таңда.

* * *

Асылдарды әркашан жадында үста.

* * *

Мадақтар болсаң, шын асылды мадакта.

* * *

Хикметтерім арналмаған ардақта-мас адамға,

Асыл сөзім сатылмайды құнын білмес наданға.

* * *

Хикметтерім жүрсе кімнің ойында, Қолдаушысы болсын төңірім

оның да!


Тілдер

+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 121 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана