2024 жылдың 25 наурызында АҚШ-тың заманауи балалар әдебиетінің жарқын жұлдыздарының бірі американдық жазушы Кейт ДиКамиллоның туғанына 60 жыл толады. Кейт ДиКамилло: «Ертегілер – бұл жарық», - деп айтқан болатын, және, шынында да, жазушының шығармашылығымен танысқаннан кейін, сіз оның келесі кітабынан ешқашан өтпейтіндей жарқын ертегі әлеміне еніп кетесіз.
Новости
Ұлттық спорт күні
Ср, 20/03/2024 - 14:36 — Ольга А№ 22 мектептің 8 сынып оқушылары үшін ұлттық ойындар күні ұйымдастырылды. Қашанда ұлттық спорт ойындары көшпелі өркениеттің рухын көрсеткен. Бұл жай ғана жарыс емес, бұл біздің ата-бабаларымыздың өмір салты, күш, рақым мен даналықтың көрінісі. Бүгін балалар дәлдікпен жаттығып, түрлі жарыстарда күш пен ептілік танытты.
Ұлттық спорт
Ср, 20/03/2024 - 12:04 — Ольга АМерекелік іс-шаралар жалғасуда! Ал бүгінгі күн-ұлттық спорт ойындарына арналған . № 14 ЖББМ төртінші сынып оқушылары үшін “Ұлттық спорт” көңілді старт өткізілді. Балалар түрлі спорт түрлерімен және ұлттық ойындармен танысып, оларға қатысты. Балаларға “Қөтеріспек”, “Төбетей”, “Қол күресі”, “Арқан тарту” сияқты ойындар ұнады, олар жалпы мереке атмосферасына енуге мүмкіндік берді.
Жаңару күні - Наурыз
Сс, 19/03/2024 - 15:46 — Ольга А19.03 «Наурыз мейрамы – жаңару күні» - наурызды мерекелеу дәстүріне сүйене отырып, кітапханашылар жылдың осы уақытында табиғатта қандай жаңартулар болып жатқанын айтып, жеткізуге тырысты. Олар біздің ата-бабаларымыз ағаштар мен өсімдіктерді отырғызу кезінде қандай әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді қолданғаны жайлы білді.Іс-шараның барлық қатысушылары белсенді түрде құмыраға тұқым отырғызып, дәстүр бойынша оған сүт құйып, не үшін олай істеу керек екенін айтып, жағымды эмоциялармен бөлісті. Мерекенің тосын сыйы "Шашу" болды. Мереке соңында барлығы наурызға арналған көрме аясында фотосессия жасасты.
«Игі істер, Спорт және шеберлік күні» ойыны
Сс, 19/03/2024 - 12:18 — Ольга АКітапханада наурыз мейрамының онкүндігін атап өту жалғасуда. Мерекенің әр күні ерекше мәнге ие. Бүгін, 19 наурыз-Жаңару күні. Бұл күні табиғат өзгеріп, өмір қайта жанданады деп саналады. Біз бүгін № 22 мектептің 7-сынып оқушыларымен бірге бүкіл еліміздің түпкір-түпкірінде егілетін жаңа көшеттер сияқты, жаңа дәстүрлер мен идеяларды қалай қалап жатқанымыз жайлы және алға қойған мақсатарымыз жайлы әңгімелестік. Болашаққа жоспар құру үшін үйлесімді даму керек: рухани және физикалық. Сондықтан бүгін балалар өздерінің ақыл-ойларын, тапқырлықтарын, күштері мен зейінділіктерін жаттықтырды.
«Әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер кітап беттерінде»
Дс, 18/03/2024 - 18:45 — Ольга АСіздердің назарларыңызға «Әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер кітап беттерінде» атты онлайн-шолу ұсынылады, одан сіздер дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар туралы білесіздер.
«Біз жанымызды жақсылыққа көтереміз» аралас ойындар
Дс, 18/03/2024 - 15:21 — Ольга А«Біз жанымызды жақсылыққа көтереміз» деген атаумен Бытсервис колледжінің студенттері үшін Наурыз мейрамын" мерекелеудің кезекті күні өткізілді. Кездесуде балалар мерекенің тарихын біліп, жұмбақтар шешіп, қазақ және орыс халқының мақал-мәтелдерін салыстырды. Сондай-ақ «Есімді тап» ойынын ойнады.
Наурыз құтты болсын!
Дс, 18/03/2024 - 14:09 — Ольга А«Жанданған күнтізбе: 2024 жылдың мерейтойлары»: Галина Васильевна Черноголовина
Жм, 15/03/2024 - 15:42 — Ольга А«Жанданған күнтізбе: 2024 жылдың мерейтойлары» хронограф балалар жазушысы, ақын Галина Черноголовинаның туғанына 95 жыл.
Галина Васильевна Черноголовина 1929 жылы 15 наурызда Омбы облысы Знаменский ауылында дүниеге келген. Балаларға арналған көптеген кітаптардың авторы. «Вечерний романс» өлеңдер жинағы Ресей Жазушылар одағының «2014 жылдың үздік кітабы» дипломымен марапатталды.
«Наурыздың ғасырлық дәстүрлері»: миға шабуыл
Жм, 15/03/2024 - 13:14 — Ольга АНаурызды мерекелеудің екінші күні "Наурыздың ғасырлық дәстүрлері" ми шабуыл әдісімен басталды, онда № 19 мектептің 7 "д" сынып оқушылары Наурызды креативті түрде қалай атап өтуге болатынын ойлап тапты. Сондай-ақ, викторинаның сұрақтарына өте тез және дұрыс жауап бере отырып, "Бәйге" байқауында миды қатайтуға тура келді. Әрине, бұл мереке ойынсыз болған жоқ-арқан тарту, бұл тек ұлдарға ғана емес, қыздарға да ұнады. Кездесу дәстүр бойынша кітапханашылардың батасымен аяқталды.