Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған байқау

Сс, 30/06/2020 - 09:51 — Ольга А

al-1.jpg

 

Біз бақыт, өмірлік жол таңдау, махаббат, жұмыс және шығармашылық туралы әңгімелесуге қаншалықты көп уақыт бөлеміз. Сенбінің кешінде шай үстінде басқа адаммен, оның жасына қарамастан, ол жетіде ме, жетпісте ме, жай ғана оны толғандырған сұрақтар жайлы сөйлесуге қаншалықты уақыт бөлеміз.

Менің достарым өз бақытын іздеп шартарапқа тарап кеткенде, менің маңызды әрі жеке тақырыпта күнделікті әңгімелесушім кітап болды.

Біздің өміріміз бұл бақытқа жетудегі күреске толы. Бірақ бақыт туралы түсінікте бірізділік әлі де жоқ.

Біреу үшін бақыт - бұл қуаныштан секіргің келетін жарқын эмоционалды сезім, ғажайып көтерілу. Ал біреулер бақыт таңғаларлық оқиғалардан гөрі, тыныштыққа толы өмірге қанағаттану деп түсінеді. Соңғылар үшін бақыт - бұл көптеген бояулардан құралған эмоция емес, жақсы жағдай деп түсінеді.

"Бақыт" түсінігін Аристотельден бастап оның Қасиетті Далай-Ламасы мен Гарвард ғалымдарына дейін белсенді психология төңірегінде әртүрлі философиялық жүйелерді қарастырды. Ердеден бастап осы күнге дейін. Заманауи қоғам үшін ертедегі ірі ойшылдардың бақыт мәселесіне деген көзқарастарын саралау, соның негізінде өздерінің "философиялық бақытын" құру қаншалықты маңызды? жауаптың бірі ұлы ойшыл, философ-энциклопедияшы Әбу-Насыр Мұхаммад Әл-Фарабидің бақыт тұжырымдамасында айтылады. Әл-Фараби "намыс, жетістік, байлықтан және басқа да нәрселерден қанағат алу" түсініктері кіретін кәдуілгі бақыт түсінігі астарынан көтеріледі.

Әл-Фарабидің айтуынша, бақыт - барлық тіршілік туралы білімді игеру, олардың өмір сүруін, олардың пайда болуы мен жоюылуын зерттеу, бұл соңында табиғатты тануға және барлық тіршіліктің алғашқы пайда болу себептерін тануға әкеледі. Барлық жауыздық жойылғанда, адам жаны мен санасы өз танымында жоғары деңгейге жеткенде бақыт келеді. Адам өледі, бірақ өмір сүрген уақытында жасаған рухани және маңызды құбылыс бола тұра өшпейді, артында қалады. Әр адам қайырымды істерінің көмегімен бақытты тек қана өзі жасай алады, және үздік істері ғана оның есімін өшірмейді. Бақыт тұлғаның жоғары қажеттіліктеріне қанағаттанған кезде пайда болады. Дәстүрлі түрде адам қажеттілігі философияның, өнердің, діннің құралдарымен, сондай-ақ моралдық, ғылыми және әлеуметтік-саяси жұмыстарға атсалысу арқылы қанағат табады.

Әбу Насыр Әл-Фарабидің «Книгу о достижении счастья» кітабын бақыт деген не мәселесін шешуде көмектесетін адам өміріндегі маңызы сұрақтар туралы даналы әрі зейінді сұқбатпен салыстыруға болады.

Онда адамдардың қиын жағдайға, қайғыға немесе қорқынышқа тап болатындығы туралы оқиғалар айтылмайды, оны оқыған адам соңында қандай қиын жағдайға тап болса да, одан шығып, өз бақытына жететін күш табады. Ол әр ұрпақ өзінің артында балаларының өмірін жеңілдететін ортақ бақытқа құйылатын құнды әрі мәңгілік мұра қалдыруы қажеттілігі туралы кітап.

Әл-Фарабидің пікірінше, бақыттың не екеніне осы философия нақты жауап бере алады. Философ еместер не істейміз? Менің ойымша, кітапты оқу және оны құлшыныспен жасау. Тіпті қолыңызға Әл-Фарабидің бір өлеңін алған кезде, Араб халифатын, ежелгі грек философиясының Жақын және Орта шығыс халықтарының философиясына әсерін, Аристотельді, Әбу-насыр Мұхаммад Әл-Фарабидің Фараб қаласында туғанын, Әл-Фарабидің Отанының мәдени мұрасын, Мейірімділік пен Зұлымдықтың, Жарық пен Қараңғының арпалысын есімізге түсіреміз.

Және тағы бір маңызды мәселе!

Кітапты қалай жақсы көруге және түсінуге болады?

Әрине, біздің көпшілігіміз көп оқимыз. Кейде бұл жеткіліксіз болып жатады. Оқуды жақсы көруден бөлек, түсініп оқи білу керек. Ежелгі авторларды оқи бастағанда, шындығына келгенде, оқи алмайтыныңды - бір деңгейді оқып, қалғандарынан аттап өтеніңді, бұл жүйені басқара алмайтыныңды түсінесің.

Әртүрлі деңгейде оқуды қалай үйренуге болатыны қызық: мәтіннің терең тұңғиығына бойлап, оны талдау, үстінен жылдам сырғытып өту, тарихи дереккөз ретінде санау және тағы басқа да ондаған тәсілдер арқылы. Қорытынды шешім: қайтадан басынан бастап оқуды үйрену. Белсенді түрде. Терең оймен. Көп кезеңмен. "Көп дауысты" оқуды үйрену, кітаптардағы жолдар арасындағы жасырылған ойды көре білу. Кез келген мәтінді барынша толық әрі жан-жақты қабылдау.

Сонда ғана ежелгі ұлы кітаптар әдеби ескерткіштер қатарынан жаймашуақ, мазмұнды сұхбатқа арналған "үстел кітабына" айналады. Тек жалғыз айтуға болатын нәрсе - бақыт үшін кітап оқу керек.


+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 401 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана