Табиғаттың досы бар

Жм, 16/06/2017 - 15:55 — julia

15 маусым күні Ы.Алтынсарин ат. ОБЖК-да №1 Затобол ОМ-нің МДС (17 бала) және арнайы түзету мектебінің (29 бала) балғындары үшін «Табиғаттың досы бар: ол — сен және мен» атты экологиялық ассорти өтті. Оқушылардың табиғатты тану білімдерін кеңейту және тереңдету, табиғатқа деген ұқыпты көзқарасты қалыптастыру — шара мақсаты болды.

Іс-шара барысында қимыл-қозғалыс ойындары, сондай-ақ зейінділік пен тапқырлыққа арналған ойындар жүргізіліп, экология тақырыбы бойынша бірнеше викторина болды. Балалар үшін табиғат туралы тақырып қасиетті, сондықтан олар берілген ақпаратты қызыға тыңдап, сұрақтарға толық жауап берді. Ойындар мен викторинаға белсене қатысты.

Балалар осы тақырып бойынша өз білімдерін көрсете білді. Олар көптеген кітаптар мен «Геоленок», «В мире животных», «Тошка» журналдарын қарап, экологтердің әнұранын тыңдады және қоршаған ортаны қорғау туралы әлеуметтік роликті тамашалады.

Іс-шара қорытындысында балалар түймедақ гүліне «Жер әрқашан гүлденіп тұрсын, ұзақ өмір сүр, жануарлар азаймасын» деген Жерге арналған тілектерін жазып, жеріміздің қағаз макетін мейірімді тілектер жазылған гүлдерге толтырды.

ФОТО


+ A -

Current Zoom: 115%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 256 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана