Мамандық таңдаудың өзі өнер

Жм, 14/07/2017 - 14:53 — julia

11 шілде күні ОБЖК-да «Қыздар әлемі» әдеби клуб қатысушылары мен 1-6 сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінің оқырмандары үшін «Мамандық таңдаудың өзі өнер» атты сторителлинг болып өтті, шараға Қостанай облыстық орыс драма театрының әртісі Анна Эдуардовна Удесиани шақырылды. Анна Эдуадовна өз мамандығының қиындықтары туралы, әртістердің сахнада және сахна сыртындағы түрлі қызықты оқиғалары туралы түсінікті етіп, әсерлі айтып берді. Бұның барлығын қатысушы балалар тез қабылдап, әртіске деген ойларындағы сұрақтарын жаудырды, әртіс әр сұраққа толық жауап берді. Қыздар қызықты рөлдері туралы, оқып ұнатқан кітаптары мен фильмдер жайлы сұрады, сонымен қатар Анна Эдуардовнаның демалыс уақытын қалай өткізетіні де қызықты болды. Тек қыздар жиналған біздің компанияға кесдейсоқтықтан келген кітапхана оқырманы Арыстан қонаққа өзінің қызықты сұрақтарын қойды. Кездесуде позитив пен әзіл көп болды, әрі емін-еркін жағдайда өтті. Кездесуге екі жақтың да көңілдері толды: Анна Эдуардовнаның да, балалардың да.


+ A -

Current Zoom: 120%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 147 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана