20 шілде күні қала орталығы мен демалыс паркінде Ы. Алтынсарин атындағы ОБЖК-ға жаңа оқырмандарды тарту үшін «Бар. Ал. Оқы» атты библио-десант ұйымдастырылды. Бұл акцияда «Қыздар әлемі» атты әдеби отырыс волонтерлерінің үлкен белсенділік танытқандарын айта кеткен жөн: олар кітапхана және оның көрсететін қызметтері туралы нақты және сауатты ақпарат бере білді. Барлығы 56 визитка үлестірді. Көпшілігі қызығушылық танытып, көрсетілетін қызметтердің әртүрлілігіне (ойын бөлмесі, библио-ұзартылым, «Ашық кітапхана» үйірмесі, аптасына екі рет тегін интернет) және әрине, әдебиеттің сан алуан көптігіне таңғалды: «қорқынышты» кітаптар, детективтер, қыздар мен ұлдарға арналған кітаптар, энциклопедиялар, ата-аналарға көмекке келетін балғындарға арналған кітаптар. Кітапхананың қала орталығында орналасқандығына қарамастан, көпшілік ол жайлы біле бермейтін болып шықты. Іс-шара соңында қыздар өз пікірлерін жазды: «Өте жақсы әсер алдық! Адамдар біздің библио-десант акциясына бей-жай қарамағандарына біз ризамыз, кітапханада көптеген жаңа оқырмандар пайда болады деп үміттенеміз!» Адамдардың қызығушылық танытып қойған сұрақтары бойынша библио-десант акциясы жаңа тұтынушыларды тартады деген үміттеміз.