Отан отбасынан басталады

Сс, 12/09/2017 - 16:55 — julia

8 қыркүйек Ы.Алтынсарин атындағы ОБЖК гендерлік саясат шеңберінде «Қыздар әлемі» әдеби отырысында «Отан отбасынан басталады» атты Қазақстанның отбасы күніне арналған пікірталас ұйымдастырылып өткізілді. Клуб қатысушылары осы күннің маңыздылығын атап өтіп, Отан және отбасы жайында өз ойларын білдіріп, кейбіреулері өз отбасылары жайында әңгімелеп берді.

Сонымен қатар қыздар өздерінің сүйікті кітаптарында отбасы қарым-қатынасы жайында сөз қозғап, Ол шығармаларды басқа оқырмандарға оқуға ұсынды. Іс-шараға қатысқандардың барлығы бір ауыздан отбасы адам өмірінде ең маңызды екендігін және отбасы кіші жастан жақсылыққа, жауаптылыққа, үлкендерге құрмет, кішіге ізет көрсетуді үйрететін тек отбасы екендігін айтылды.Отбасы қашанда сені күтетін,сені түсінетін, қашанда өз жылуын аямайтын екендігі жайында айтып, балалар өз ойларымен бөлісті. Әдеби отырыс соңында қыздарға отбасы және отбасының құндылығы жайында жаңа көркем шығармамен таныстырылды.

 


+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 40 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана