19 қазанда 7-11 сыныптарға қызмет көрсету бөлімінде дәстүрге айналған жасөспірімдер кітабы күні өтті, шара мақсаты кітапханаға оқырмандарды тарту, әдебиет қорын ашу болды. Күні бойы кітап көрмелері таныстырылды. «Кітап. Уақыт. Біз» кітаптың туу тарихын ашты: жартасқа салынған суреттен бастап бірінші баспа кітапқа дейін. Сол тарихи кезеңді елестетуге болатын, әр дәуірге кітаптар қойылды. Және, әрине сол ғасырларда жазған авторлардың тізімі жасалды. Көрмедегі тас суреттері, папирус және сына жазулы сазды кесте фрагменті оқырмандарды ерекше қызықтырды.
Тағы да бір кітапханашылардың оқу шеңберін ашатын, «Бізбен бірге оқыңыздар» көрмесі назарға ілінді. Оқырмандарға үнемі кітапханада жұмыс істейтіндердің не оқитындары қызық болатын. Кітапханашылардың суретімен берілген аңдатпалар, кітаптардың мазмұнын ашатын ай-стопперлер оқырмандарды тарта білді. Тағы да осы күні ЧелМУ-нің 2-курс студенттері, 18-мектеп-гимназияның 8-сынып оқушылары мен «Адамгершілік қасиет» әдеби клубының қатысушылары үшін «Кітап+Біз=Оқу» атты пікірталас түріндегі кездесу болып өтті. Балалар оқу дегеніміз не? Қазіргі жастар кітап оқиды ма және қандай авторларды оқиды? Расында сүйікті кітабың бойынша адамды сипаттауға бола ма? деген сұрақтарды ортаға салып, талқылады. Әсіресе, кітап па, әлде фильм бе деген сұрақ қызу талқыланды. Әркім өз көзқарасын дәлелдеді: біреулері тек кітап өзіне тартып, еліктіреді десе, енді біреулері қазіргі арнайы әсері бар фильмдер кітаптан кем емес, тіптен асып түседі десті. Кино мен кітапты бөліп-жармай, оның жақсы жақтарын көре білгендері де бар. Кездесу еркін, көңілді, әрі позитивті жағдайда өтті.