Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын талқылау

Жм, 16/02/2018 - 14:00 — julia
2018 жылғы Жолдау елде жүргізіліп жатқан жаңғыру үдерістерінің логикалық жалғасы және «Қазақстан-2050» даму стратегиясы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақалаларымен ұштасатынын түсіндіріп, оның бағыттарымен студенттерді таныстыру керек. Осы мақсатта 15 ақпанда Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы қабырғасында еліміздің басты мәселелерін көздейтін Жолдауды талқылауға Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтынының 3-курс студенттері мен № 10 орта мектептің оқушылары кездесуге келді. Кездесуіміздің басты қонағы - еңбек жолдарында мол жылдар бойы еңбек еткен, елімізге еңбегі сіңген, Еңбек ері Сайран Балкенұлы Бұқанов болды. Президент өз жолдауында әр саланы қамтып, нақты міндеттер қойды, сол міндеттерді қалай іске асыруымыз керек және сол үшін қандай жұмыстар атқаруымыз керектігі жайында, сонымен қатар жолдаудың ерекшелігі мен басым-бағытын егжей-тегжей түсіндіріп кетті.
 
Кездесу барысында жастар 2018 жылғы жолдаудың жаңа бағыттары жайында өз пікірлерімен бөлісіп, Жолдауды орындауда қандай жұмыстар атқарылу керек, оны қалай іске асыру керек деген сияқты сұрақтар қойып, өз жауаптарын алып отырды. Сондай-ақ қатысушылар Жолдауда көзделген 10 қадамды орындауда өз үлестерін қосуға сенім білдірді.
 
Елбасымыз осы тарихи жағдайды қазақ халқы жақсы пайдаланып, яғни алға қарай жылжиды деген үлкен сенім артып отыр. Сол себептен санасы мен білімі бай адам маман болып, еліміздің игілігі үшін аянбай еңбек етуі керек. Сонда ғана біз болашақта дамыған 30 мемлекеттің қатарына сүрінбей кіретінімізге сенім мол.

 


+ A -

Current Zoom: 125%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 181 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана