Наурыз — достық пен әдемілік мерекесі

Жм, 16/03/2018 - 15:09 — julia

Көктем — керемет жыл мезгілі! Адамдар шаттанып, табиғат оянатын уақыт. Қазақстанда Наурыз мейрамы — көктемгі жаңару мерекесі 21 наурыз күні тойланады. Халықтың ұлы күнге және де осы уақытта болатын іс-әрекеттің бәріне деген қарым-қатынасы ерекше болады. Яғни адамдар шаруашылығын дұрыстап, арықтарды тазалайды, үй иелері сәнді киімдерін киіп, жыл бойы молшылық жыл болсын деп, мерекелік дастарханды бай етіп жаюға тырысады. Бұл күні бата-тілек алу өте маңызды. «Барлық бастамаларға жетістік болсын» және «жеріміз құнарлы болсын» деген сияқты тілектер Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында да айтылды. 15 наурыз күні Наурызды тойлау құрметіне Әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі Қостанай аймақтық орталықтың балалары үшін «Наурыз — достық пен әдемілік мерекесі» деген атаумен ойын-сауықтық бағдарлама ұйымдастырылды.

Кітапхана Мемлекеттік «Рухани қазына» бағдарламасын жүзеге асыру аясында, қазақ халқының салт-дәстүріне деген қызығушылықты қалыптастыру мақсатын басшылыққа ала отырып іс-шара өткізді.

Салт-дәстүрлер туралы әңгімеден кейін балалар «Өлең айту жарысы қалай аталады?», «Келіншектің мерекелік бас киімін ата» деген сияқты сұрақтарға жауап беріп, мерекенің басты тағамы «Наурыз көженің» құрамы мен ұлттық тағамдарды атады; Сипатталуы бойынша ұлттық ойындардың атауын тапты. Сонымен қатар «Орамал тастау», «Қыс пен жаздың дыбысын сал» ойындарына қызыға атсалысты. Іс-шара соңында Үркер тобының «Наурыз» әніне билеп, мерекелі көрмеге ұсынылған кітаптарды қарады.

Фото


+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 176 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана