Білім университеті

Сс, 20/03/2018 - 14:59 — julia

2018 жылғы 16 наурыз күні ғылыми-көпшілік әдебиет бөлімінде пәндік «Білім университеті» лекторы аясында № 2 ОМ-тің 7 «г» сынып оқушыларының болашақ тарихшыларымен кездесу өтті. Кездесу тақырыбы: орта ғасырдағы Қазақстан тарихы.

Кездесуді ҚМУ-нің аға оқытушысы Шалғамбеков Айбек Батырхановичтің басшылығымен Қостанай мемлекеттік университеттің студенттері Криволапов Руслан, Жалелов Алмаз, Айсенова Әсел, Чугулева Алмагуль, Шағыбаева Гүлназ, Альтергот Вячеславтар өткізді. Кездесу барысында студенттер Қазақстанның 500 жылдан артық тарихын қозғады. Ұлы жібек жолы туралы, Қазақ хандығын құрған Керей хан, Жәнібек хан және Абылай хандар туралы айтты. «Моңғолдардың қазақ елін жаулап алуы» және «Яссауи мавзолейі» туралы бейнероликтер көрсетілді. Іс-шара соңында балалар «Аруна» баспасының «Шығыстың ұлылары» сериясы мен Қазақстанның тарихи тұлғалары туралы «Жетінші сөз» сериясындағы ғылыми-көпшілік басылымдарды таныстырды.

Фото


+ A -

Current Zoom: 120%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 160 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана