Кітап галактикасының бағытына

Сс, 27/03/2018 - 14:18 — julia

26 наурыз күні кітапхана оқырмандары «Кітап галактикасының бағытына» аттанды. Балалар кітабы апталығының ашылуы мерекенің 75 жылдық мерейтойымен ұштастырылды.

Балалар кітабы апталығының алғашқы күні балалар «Ертегі кейіпкерлерінің шоқжұлдыздарымен» кездесті, ол жерде балаларды Бармалей мен Қызыл телпек қарсы алды. Олар көркем әдебиетті қаншалықты білетіндерін анықтау үшін түрлі байқаулар өткізді. «Кейіпкерді тап» атты викторина барысында ертегі кейіпкері мен оған тиесілі затты табуға тура келді.

Концерттік нөмірлер осы күннің сән-салтанатын келтірді. Алена Олеговна Мельникованың жетекшілігіндегі «Жастар» аула клубының «Три подружки» би үйірмесінің екі хореографиялық миниатюрасы мен біздің оқырманымыз Ольга Нартованың орындауындағы ән кітапхана оқырмандары мен қонақтарына арналған музыкалық сый ретінде болды.

Кітапхана Галактикасындағы алуан-түрлі кітаптарды қамтыған кітап көрмесі өзіндік ресімделуімен назарға ілінді.

Фото


+ A -

Current Zoom: 120%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 145 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана