Ақын Игорь Рулевпен кездесу

Бс, 29/03/2018 - 14:19 — julia

Поэзия — ол өміріміздің бөлшегі. Ақынмен өткен кездесу — ол оқиға. Әсіресе ол жас сүйкімді болса. 28 наурыз күні ЧелМУ-нің Қостанайдағы филиалының студенті — Игорь Рулев ЧелМУ және ҚМПИ-ның студенттерімен (50 адам) шығармашылық кездесу өткізіп, «Красная роза» атты өлең жинағын таныстырды.

Кездесу жылы шырайлы жағдайда өтті. Оған әлбетте шақырылған достары: Наталья Закора, Максим Гольцварт және Владимир Алексанин көмектесті. Олар жас ақынды өз әндерімен қолдады. Студенттер ақынды мұқият, шынайы қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойды. Оқырмандарымыз ақын жайлы бәрін білгілері келіп, оның сүйікті ақыны, қызығушылықтары, немен айналысатыны, шабыттың қалай келетіні, екінші жинағы қашан шығатыны, болашаққа деген жоспары қандай деген сияқты сұрақтарды жаудырды.

Ақынмен өткен кездесу қатысушыларға жағымды көңіл-күй сыйлады және көбісі үшін таңғаларлық, әрі қызықты жаңалық болды. Іс-шара өлеңдер жинағына естелікке қолтаңба қойып, таратумен аяқталды.

Фото


+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 200 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана