Балалар әдебиеті: кеше, бүгін, ертең

Сс, 03/04/2018 - 15:53 — julia

Осы күні ҚМПИ-ның 1-курс студенттері үшін «Балалар әдебиеті: кеше, бүгін, ертең» атты кездесу өтті. Кітапханашы Халықаралық балалар кітабы күні мерекесінің шығу тарихы, сондай-ақ әлемдік балалар әдебиетінің қалыптасу тарихы туралы айтты. Студент болашақ тәрбиеші және педагог болғандықтан, олар баланың кітапқа, оқуға деген сүйіспеншілігін бойға сіңіру қажет. Бала тұлғасын тәрбиелеуге расында көмектесетін, көптеген кітаптар ішінен оны қалай табуға болады. Әрине, оларды балалар әдебиеті саласындағы Книгуру, С.Михалков атындағы халықаралық әдебиет конкурсы, В.Крапивин атындағы сыйлық және басқа да түрлі әдебиет сыйлықтарының жеңімпаздарынан, сондай-ақ жаңа түскен кітаптар туралы балалар мен жасөспірімдер үшін қазіргі әдебиетке шолу ұсынылған, балалар әдебиетімен мамандандырылған баспа үйлерінің сайттарынан білуге болады. Студенттердің айтуынша, бұл ақпарат өте пайдалы болды.

Кездесуден кейін студенттер классикалық және қазіргі балалар әдебиеті ұсынылған, «Кітаптар әлеміне саяхат» атты кітап көрмесімен танысты. А.Милннің атақты «Винни пух и все, все, все» ертегісі кейіпкерлерінің деректері ерекше назарға ілінді.

Фото


Zoom

Current Zoom: 120%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 363 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана