Алтынсарин оқулары

Дс, 16/04/2018 - 16:39 — julia

Мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 13 сәуір күні 7-11 сынып оқушылары мен жасөспірімдерге қызмет көрсету бөлімінде «Автормен диалог» атты мағыналы оқу стратегиясының пайдаланылуымен «Алтынсарин оқулары» циклі бойынша іс-шара өтті. Ы.Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесі талқыға салынды. №1 МЛ-дің сегізінші сынып оқушылары тыңдарман болды.

Кездесу басында Ы.Алтынсарин туралы қазақ-орыс мектептері мен мектеп кітапханаларының негізін салушы, «Қазақ хрестоматиясын» құрушы, сонымен қатар жазушы ретінде оқушыларға баяндады.

Оқушыларға «Әке мен бала» әңгімесін оқылды және «Алтынсаринмен нағыз сұхбат» болды. Бұл стратегия біріншіден — топ ішіндегі өзара қарым-қатынасты анықтауға көмектесті, екіншіден — сұхбат жүргізуді, үшіншіден — өз ойын айта білуді үйретті. Сұрақтарға жауап беру және кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау сегізінші сынып оқушылары үшін қызықты болды.

Фото


Zoom

Current Zoom: 120%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 233 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана