Тума талант

Сн, 05/05/2018 - 12:49 — admin

2018 жылғы 4 мамыр күні өнер бөлімінде ҚР-ның Халық әртісі Н. Жантөриннің 90 жылдығына орай өткен «Тума талант» атты киносағатқа № 9 мектептің 8 сынып оқушылары қатысты.

Заманымыздың ұлы өнерпазы, Қазақстанның халық әртісі, кино мен театр өнерінің хас жұлдызы психологиялық рөлдердің «шаппайбері», марқұм Нұрмұқан Жантөриннің даңқы дүние жүзіне мәлім екені зор мақтанышпен айтылды. Экран мен сахнадан нешебір өміршең кейіпкерлердің өлмес нұсқасын ғажап шеберлікпен жасап, төл мәдениетіміздің, ұлттық намысымыздың туын аспанға көтерген аса көрнекті тұлға ретінде таныстырылып, режиссер Дархан Әбдікұлының «Жантөрин - қазақ сахна өнерінің сапасы» атты деректі фильмінен үзінділер көрсетілді. Кездесу соңында қатысушылар назарына Нұрмұқан Жантөрин туралы қазақ және орыс тілдерінде шығарылған кітаптар ұсынылды.

 

Фото

 


Zoom

Current Zoom: 120%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 109 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана