«Библио–Кеш-Party» өтті!

Ср, 04/07/2018 - 14:14 — julia

2 шілдеде Облыстық кітапхана қонақтарды жұмыс кестесінен тыс уақытта қабылдады: 19.00-ден 22.00-ге дейін. Барлық оқырмандар мен қонақтар үшін кітапхананың 60 жылдық мерейтойына арналған «Библио–Кеш-Party» акциясы болып өтті.

Акция бағдарламасы қанықты әрі алуан-түрлі болды, бұл жерде әркім өз талғамы бойынша қызықты нәрсені таңдай білді.

«OYLA» ғылыми-көпшілік журналын таныстырған кітапхананың мейірімді досы, журналдың ғылыми редакторы Мария Валяеваның маңызды ғылыми нәрсе туралы қарапайым тілмен жеткізілген мәнерлі, қызықты әңгімесі жас аудиторияны қызықтырды. Кездесу барысында қызу сұхбат болды, журнал және онда қозғалған ғылыми тақырыпар туралы көптеген сұрақтар қойылды.

Театр сүюшілер «Хикаяттар сандығы» театр студиясы дайындаған қойылымды қуана-қуана тамашалады. «Бір күні кітапханада...» спектаклінде жас әртістер балалар кітаптарындағы танымал кейіпкерлер бейнесіне еніп (Хоттабыч, Қызыл телпек, Кішкентай мыстан кемпір, үй әулесі Кузя және басқалары) кітапхана тарихы туралы баяндап берді.

«Кітапханаға арнаймын...» - қостанайлық ақындардың қатысуымен өткен поэтика алаңы осылай аталды. Бұл жерде авторлардың оқуымен орындалған өлеңдерді тыңдап, олардың кітаптарын алуға мүмкіндік болды.

«Кітап зообағы» 1-6 сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде қонақтарға өз есігін айқара ашты. Ең жас оқырмандар ыстық Африкаға, мұзды Арктикаға саяхат жасап, құрайтта серуендей алды, сондай-ақ экзотикалық және үй жануарларымен таныса алды. Атақты қостанайлық биолог Андрей Андрющенко таныстырған питон балаларды шаттыққа бөледі.

Өнер бөліміндегі «Арт-кеңістік» өз келушілеріне сурет салу және фетрден саусақ қуыршақтарын дайындау бойынша шеберлік сабақтарын ұсынды.

Сағат 20.30-да кітапханада шығармашыл тұлғалардың нағыз шеруі басталды - «Оқырмандар шоқжұлдызы» концерттік бағдарлама, концертке үлкенді-кішілі кітапхана оқырмандары қатысты. Балалар мен ересектер ән айтып, би биледі, мерейтой қонақтарына музыкалық композиция мен жақсы көңіл-күй сыйлады.

Кеш бойы ұлттық нақышта безендірілген «chillout зона-KZ» «тыныш» алаң жұмыс жасады. Бұл киіз үйде ыңғайлы орналасып, әңгіме айтуға немесе кітап оқуға арналған орын.

Қонақтарды қарсы алған Ханымдар ерекше көзге түсті: Кітап ханымы мен Газет ханымы. Жарқын, есте қаларлық бейне келушілер назарын өзіне аудартты, қонақтар модельдермен суретке түсуге тілек білдірді.

Кітапхананың белсенді оқырмандары дайындаған флешмоб биі мен көкке ұшырылған шар… және кеш демеушілері - «Дом» сәулет ательесі дайындаған тәтті сюрпиз — үлкен торт кештің жарқын соңы болды…

Фото

 


Zoom

Current Zoom: 120%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 89 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана