Сундучок историй

Дс, 29/10/2018 - 15:39 — admin

6 қазанда театр студиясының сабағы „Кітап дауысы„ бағдарламасы аясында өткізілді. Балалар С.Бегалиннің „Есеннің кірпісі„ шығармасын оқыды.

Алдымен әрқайсысы шығарманы түсіну үшін өз бетінше оқыды, содан кейін дауыстап, рөлге бөліп оқыды. Балалар бас кейіпкер Есен бе, әлде Кірпі ма екенін анықтады, Есеннің әжесінің сөзіне, Есен не үшін Кірпіге риза болғандығы туралы көп ойланды.

Сапарғали Бегалиннің барлық шығармаларында егер адам табиғатқа қаншалықты мейірімділік көрсетсе, табиғат та одан ештеңе аямайды, ал қатыгездік танытса, кешірмейтіндігін көруге болады. Осы кірпі туралы шағын әңгіме де қалыс қалған жоқ.

Студиялықтар сабақтан жануарларға ғана емес, маңайыңдағы адамдарға, әсіресе, „ерекше қажеттілікке ие балаларға„ қайырымды әрі қамқор болу керек деген тұжырымға келді.

Балалар студияның жаңа қатысушысы Кунцевич Ольгаға сабырлылық пен қамқорлық білдірді, қыздың сабақта болған оқиғаға кірісуі үшін бәрін де жасады. Барлығына қиын болды, бірақ шыдады, анасы Валентина Владимировна түсіністік үшін балаларға риза болды. Сөйтіп Оля жобаның құпия қатысушысы болды. Мүмкін, ол студиялықтардың дайын „жұмыстарын„ бағалайтын болар, „Сундучок историй„ студиясының әрбір қатысушысына үйден С.Бегалиннің „Есеннің кірпісі„ әңгімесін диктофонға жазып және оны әділқазылар алқасына ұсыну тапсырмасы берілген болатын.


Zoom

Current Zoom: 120%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 91 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана