Білім ошағы

Бс, 29/11/2018 - 09:27 — admin

28 қарашада салалық әдебиеттер бөлімінде „Білім ошағы„ пән лекториі аясында №18 ОМ 9 сынып оқушылары Қостанай Мемлекеттік университетінің қаржы кафедрасының доценттері Нағима Телғарақызы Сартановамен, Вячеслав Владимирович Годуновпен және Жанар Асылбекқызы Тастеміровамен кездесті.

Дәріскерлер экономика заңдарының бүге-шүгесін түсіндіріп берді, қазіргі заманауи қоғамда оны білмей өмір сүру мүмкін емес екеніне назар аударды. ІТ-технология мен экономиканы цифрландыру туралы айтылды. Жасөспірімдер үй шаруашылығымен айналыспаса да, экономиканың оларға қатысы бар екенін, тіпті оған әсер ететінін түсінді. Әсер ету олардың болашақ мамандық таңдауында және оны алуында көрініс табады.

Оқытушылар мен кітапханашылар экономикаға байланысты кітаптар мен фильмдер ұсынды. Мысалы, Кийосаки Р. Т. «Богатый папа, бедный папа для подростков: секреты денег, которым не учат в школе»; Ассараф Д. «Ответ: как преуспеть в бизнесе, обрести финансовую свободу и жить счастливо»; фильм «Тинейджер на миллиард» (Тайланд, 2011) және басқалар.

Кездесу қаржылық әл-ауқат тілегімен және „Естеріңде болсын: күш — білімде„ қанатты сөзі жазылған печенья -«дивидендтер» таратылды.

Фото


+ A -

Current Zoom: 120%

Электрондық каталог

Жолдау 2024

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Экранды оқу жүйесі

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 217 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана