Көшбасшы және тәуелсіздік

Жм, 07/12/2018 - 15:01 — admin

Қарашаның соңғы күндері Қазақстан Республикасының Президентіне арналған іс-шаралар өткізу дәстүрге айналған, биылғы жылы да сол дәстүрді жалғастырдық.

29 қарашада акт залда «Көшбасшы және тәуелсіздік» жеке тұлға сағаты өткізілді. Іс-шараға қала мектептерінің 7 сынып оқушылары қатысты. Олар Көшбасшы болу үшін қандай қасиеттер қажет екені, елімізді дағдарыстан алып шығу үшін, Президентке қандай қиын шешімдер қабылдау керек болатынын білді. Іс-шараның басында жүргізуші «Мен қазақша сөйлеймін» Республикалық акциясы, оның қатысушылары кімдер екенін және ол не үшін өткізілетіні туралы айтып өтті. Оқушылар «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты 2018 жылдың жолдауымен, сонымен қатар «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаламен танысты.

Балалар президенттің өмірбаянына, әсіресе Н.Назарбаевтың оқу үлгерімінің бағасына қызығушылық танытты. «Ел тірегі — Елбасы» кітап көрмесі іс-шараға жан біріріп тұрғандай болды.

Фото


+ A -

Current Zoom: 120%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 169 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана