Ұлы таласты жазушы

Бс, 13/12/2018 - 15:30 — admin

Бүгінгі күні Александр Исаевич Солженицыннің орыс әдебиетіндегі орны туралы қанша таласса да, біз мынаны түсінуіміз керек: оның шығармашылық дарынына да, әділет үшін күрестегі темірдей қажырлылығына да ешқандай теңеу жоқ. «Шындық шыңы — ақиқат» деп жазушылар бекер айтпаған. Солженицын – әлемге аты танылған жазушы.

11 желтоқсанда орыс жазушысы, прозашы, публицист Солженицыннің туғанына 100 жыл толуына орай «Тұлға. Шығармашылық. Уақыт» слайд-сұхбаты өткізілді.

Іс-шара қатысушылары Қостанай құрылыс колледжінің 1 курс студенттері болды. Оларға Александр Исаевичтің өмірі мен шығармашылының негізгі беттері, оның ерекше тағдыры туралы айтылды. «Дороженька» поэмасынан, «Матренин двор» әңгімесінен үзінділер оқылды. Іс-шара қорытындысында кітапханашы студенттерге жазушының нақыл сөздерімен танысуға және өз өмірлерінің ұранына жақынын таңдауға шақырды.

А. И. Солженицыннің ең атақты шығармалары мен сталиндік лагерлер туралы әдебиеттер қойылған, іріктеп алынған тақырыптық әдебиеттер сұхбатты толықтырып тұрды.

Фото


+ A -

Current Zoom: 120%

Жолдау 2023

Antikor оrtalyǵy

Бір ел – бір кітап

Қазір сайтта

Қазіргі уақытта желіде 1 user қолданушы және 141 guests қонақ.

Жүйеге кіру

Назар аударыңыздар!

Әдеби карта

Біздің оқырмандар

Шектеусіз кітапхана